Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения
Навигация

Новости

Выступление в поддержку проекта Закона на Пленарном заседании Сената Парламента РК

14.02.2019 0
ӘКІМОВ Р

 

«2010 жылғы 9 желтоқсандағы  Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасына мұнай және мұнай өнімдерін жеткізу саласындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы

ратификациялау туралы»  ҚР Заң жобасы бойынша 

(14 ақпан 2019 ж.)

Құрметті төраға,

құрметті әріптестер, шақырылғандар!

 

Бүгін қаралып жатқан Хаттаманың негізгі мақсаты – 2010 жылғы 9 желтоқсандағы келісімнің «Ресей Федерациясынан Қазақстан Республикасына әкетуге тыйым    салынған    мұнай    өнімдерінің   ТІЗБЕСІ-нің»   2-қосымшасын және «Қазақстан Республикасынан Кеден одағының аумағынан тысқары жерлерге экспортына тыйым салынған мұнай өнімдерінің ТІЗБЕСІ-нің» 3-қосымшасын келісімнің шарттарынан шығару болып табылады.

Бұл тараптардың құзыретті органдарына аталған тізбелерді ратификациялау рәсімдерін жүргізбестен, ведомствоаралық хаттама жасау арқылы айқындауға мүмкіндік береді.

Экспорттың ашылуы экспорттық кеден бажы есебінен республика бюджетіне түсетін түсімдерге оң әсер етеді.

Құрметті әріптестер, жоғарыда айтылғандардың негізінде, Сіздерді осы Заң жобасын мақұлдауға шақырамын.        Назарларыңызға рақмет!

Поделиться