Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

2017 жылғы 6 қаңтар. https://www.egemen.kz/2017/01/12/90953 Түрлі сала өкілдерімен кездесті

06.01.2017 0

2017 жылғы 6 қаңтар.  https://www.egemen.kz/2017/01/12/90953

Түрлі сала өкілдерімен кездесті

 

Парламент Сенатының депутаты Бақтыбай Шелпеков жұмыс бабындағы сапармен Маңғыстау облысында жүр.

 

Сенатор Ақтау қаласында №16 орта мектепте және «Балбұлақ» балалар бақшасында болды. Оқытушылар қауымымен кездесу барысында білім беру саласындағы өзекті мәселелер туралы әңгіме қозғалды. Шараға қатысушылар жергілікті билік органдары бюджет саласы қызметкерлерінің әлеуметтік мәселелерін шешуге назар аударып отырғанын жеткізді.

 

Б.Шелпеков сондай-ақ, Маңғыстау облы­сын­дағы бірқатар мемлекеттік органдардың бас­шыларымен де кездесті. Сенатор ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Болат Ерсайынұлы, жер қатынастары басқармасының басшысы Есемұрат Дүзмағамбетов және ветеринария басқармасының басшысы Шамғали Хамиевпен аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады.

 

Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ,

 

«Егемен Қазақстан»

 

АҚТАУ

Поделиться