Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

14 июня 2018 года на заседаний Сената выступил с докладом в поддержку законопроекта «О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам страхования и страховой деятельности, рынка ценных бумаг»

14.06.2018 0

Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы!

Құрметті әріптестер!

 

Алдарыңыздағы,  талқыға салынып отырған  заң жобасы мынадай негізгі міндеттерді шешуге бағытталған:

1)  сақтандыру саласында: сақтандыру қызметтерінің қолжетімділігін арттыру, сақтандыру өнімдерінің сапасын арттыру және құнын төмендету, сондай-ақ сақтандыру қызметтерін тұтынушылардың құқықтарын қорғауды күшейту.

Аталған заң жобасын қабылдау арқылы, Қазақстанда сақтандыру шарттарын  электрондық  нысанда  жасау мүмкіндігі пайда болады. Ол халық пен  бизнес үшін сақтандыру қызметтерінің құнын төмендетуге мүмкіндік береді, сақтандыру төлемдерін барынша жеңілдетіледі. Әлемде онлайн-сатып  алушылардың үлесі 40 пайызды құрайды.

Туристік салада Қазақстан туристерінің өмірі мен денсаулығын қорғау мақсатында, туристік фирмалардың жауапкершілігін сақтандырудан туристтің өзін тікелей сақтандыруға көшу көзделген. Заң жобасындағы түзетулерде дамыған елдердің туризмі саласындағы сақтандырудың халықаралық тәжірибесі ескерілген.

Заң жобасында сақтандыру шарттары бойынша туындайтын дауларды сотқа дейін реттеу мәселесі қаралған. Атап айқанда сақтандыру омбудсманының өкілеттігін кеңейту көзделген. Ол сақтандырудың барлық сыныптары бойынша дауларды реттейтін болады.

Бұл, дамыған елдердегі сияқты сақтандыру төлемдерін, сотқа дейінгі тәртіппен жүзеге асыруға мүмкіндік  береді.

2) бағалы қағаздар нарығы бойынша түзетулер Мемлекет басшысының 2017 жылғы 31 қаңтардағы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына Жолдауында айтылған отандық қор нарығын жандандыру жөніндегі тапсырмасын орындау үшін әзірленген. Олар бағалы қағаздар нарығының инфрақұрылымын  оңтайландыруға, ұйымдар мен халық үшін жаңа қаржы құралдарын дамытуға бағытталған.

Құрметті әріптестер! «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сақтандыру және сақтандыру қызметі, бағалы қағаздар нарығы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңының жобасын  қолдауға шақырамын.

 

                                        Назарларыңызға рахмет!

 

Поделиться