Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

Выступление в поддержку Г. Дюсембаева при рассмотрении Закона Республики Казахстан «Об объемах трансфертов общего характера между республиканским и областными бюджетами, бюджетами городов республиканского значения, столицы на 2020 – 2022 годы»

25.11.2019 0

«Республикалық және облыстық бюджеттер,

республикалық маңызы бар қалалар,

астана бюджеттері арасындағы

2020-2022 жылдарға арналған жалпы

 сипаттағы трансферттердің көлемі туралы»  

Қазақстан Республикасы  Заңының жобасы бойынша

 ҚР Парламенті Сенаты депутаты

Ғ. Дүйсембаевтың  Сенаттың жалпы  отырысында                  сөйлейтін сөзінің жобасы ( 25 қараша  2019 ж.)

Рахмет,  құрметті Дариға Нұрсұлтанқызы!

Құрметті депутаттар, Үкімет мүшелері мен шақырылғандар!

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев  қазақстан халқына «Сындарлы қоғамдық диалог –Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты  Жолдауында «Қуатты өңірлер-қуатты ел» деп аса мән берді. Бұл бағытта жергілікті билік органдары жұмысының тиімділігін арттыру және бюджетаралық қатынастар жүйесін реформалау қажеттігіне  назар аударды.

Талқыланып отырған «Республикалық және облыстық бюджеттер, республикалық маңызы бар қалалар, астана бюджеттері арасындағы 2020 – 2022 жылдарға арналған жалпы сипаттағы трансферттердің көлемі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасында аймақтардың бюджеттік қамтылу деңгейін теңдестіруге мүмкіндік тудыру қарастырылған.

Өңірлердің дербестігін ұлғайту үшін келесі жылдан бастап шағын және орта бизнестен түсетін қосымша салық түсімдері берілетін болды, төртінші деңгейдегі бюджет бойынша шешім қабылданды. Бірақ бұл да жеткіліксіз. 

Қазіргі жалпы сипаттағы трансферттерді жиырма коэффициенттер арқылы анықталатын  есептеу методикасы өңірлік қажеттіктің басым көбінің шешілуін ескереді.        Бірақ методикада өңірлердің ерекшеліктері, инфрақұрылымдарының жағдайы ескерілмеген деп санаймын. Сол себепте бірнеше бағытта қалысқалу орын алуда. Алдағыда оны әрі қарай қолдану инфрақұрылымдары нашар өңірлерлердің орташа республикалық көрсеткіштер деңгейіне жетуін қиындатады. Атап айтса төселгіші қанағаттандыралық сападағы жолдардың республика бойынша орташа көрсеткіші 68 пайызды құраса, ол БҚО-да 28 пайыз,  Ақтөбе облысында 53 пайыз, Атырау облысында 54 пайыздан аспайды. Ал ауылдық жерлерді сумен жабдықтауда республика бойынша орташа көрсеткіш 59,9 пайыз болса, бұл көрсеткіш Павлодар облысында 30 пайыз, Қостанай облысында 31 пайыз, БҚО-да 47 пайыздан аспай отыр.

Алдағы жылдан республикалық бюджеттен өңірлерге  жыл сайын 600 миллиард тенге бөлуге мүмкіндігі  туғандығына байланысты осы трансферттердің көлемі ұлғайған сайын, жалпы сипаттағы трансферттердің шығындарын бақылауды және жауапкершілікті  дұрыс ұйымдастыру қажет.

 Тағы да бір назар аударатын мәселе, жергілікті атқарушы органдардың даму бюджетін есептеуде үш жылға орташа пайызбен субвенциялық аймақтарға 5 пайыз, ал донар-аймақтарға 6 пайыз қалдыру қарастырылған, субвенциялық өңірлердің донар-аймаққа өтуге ынталастық тудыруы үшін донар-аймаққа кемінде 10 пайыз болғаны жөн.

Жалпы қаралып отырған жобаның маңыздылығын, қажеттілігін ескере отырып, заң жобасын қолдаймын және  әріптестерімді қолдауға шақырамын!

Назарларыңызға үлкен рақмет. 

Поделиться