Нұртөре Жүсіп: мусордан аяқ алып жүре алмайтын жағдайға жеттік
Сенаттың кезекті отырысында Сенат депутаты Нұртөре Жүсіп премьер-министр Асқар Маминге экология мәселелері бойынша сауалын жолдады. Сауалға негіз болған жалпыұлттық курорт атанғанына 100 жыл толған Бурабай Ұлттық табиғи паркінің жағдайы.
Сенатор аймақтың тазалығына алаңдайлы:
Депутаттың айтуынша, бұндай жағдай тек Бурабайда ғана емес, және бұған демалуға келетін адамдардың өзі де кінәлі айтып, тазалық мәдениетін қалыптастыруға шақырды:
Премьер-министр Асқар Ұзақбайұлына жолданға сауалындақолданыстағы заңнамалардағы бекітілген жеке және заңды тұлғалардың қоршаған ортаға қатысты құқықтары мен міндеттер толық орындалмайтындығын және заңда қарастырылған мемлекеттік экологиялық бақылау тетіктері тиімсіздігін атап өтті. Сондықтан, Сенатор үкіметке арнайы шараларды қарастыру керек деп есептейді:
– Мемлекеттік тұрғыдан шұғыл түрде тазаалықты сақтау, бақылау, реттеу тетіктерін жетілдіру қажеттігі білініп отыр. Сізден осы мәселені қарап, Үкіметтің тиісті құрылымдары арқылы өз құзыреттері шеңберінде Іс-шаралар кешенін жедел қабылдауды сұраймыз.Сондықтан, қоршаған ортаға қатысты мемлекеттік саясаттың толық іске асырылуын қамтамасыз ету туралы орталық және жергілікті атқару органдарына арнайы тапсырма берсеңіз деген ұсынысымыз бар.Әрине, бәрін Мемлекетке, Үкіметке артып қою аздық етеді. Елдің белсенді, саналы азаматтарына, зиялы қауымға, жер-жердегі батагөй ақсақалдарымыз бен өскелең жас ұрпаққа көп нәрсе байланысты. Туған жерімізді таза ұстау туралы Қазақстан Үкіметі арнайы шара қабылдамаса болмайды. Тек қана демалыс аймақтарында емес, тұтас республика территориясында «Туған жерді таза ұстау» Жалпыұлттық акциясын ұйымдастыру керек. Бұл тұрақты өтетін шара болуы қажет, – деді сенатор депутаттық сауалында.