Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

«Адамның адамдығы рухани деңгейіне байланысты»

13.10.2020 0

Жуырда Парламент Сенатында Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің тікелей бастамасымен Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов мырзамен кездесу болды. Кездесуде аз қамтылған отбасылардың балалары үшін кепілдік берілген әлеуметтік пакетті енгізу мәселелері талқыланды. Былтыр осы «Атаулы әлеуметтік көмек» туралы заң жобасын зерделеу ісіне жауапты болдым. Аз уақытта көп нәрсе жасалды. Осы ретте Әлеуметтік қауіпсіздік туралы, Әлеуметтік қызмет порталының жұмысы туралы, жақында ғана Президент Жолдауында айтылған «Әлеуметтік әмиян» қалыптастыру туралы бастамаларды қолдаймын. Министрдің айтуынша, мұндай жүйе біздің азаматтарымыздың қаражатын банктердегі ахуалға қарамастан сақтауға көмектеседі. Өйткені, ақша жеке әмиянда сақталып, банктерге байланбайды. Ниет түзу. Шынымен іске асатын болса, бұл азаматтардың маңдай термен банкке салған қаржыларын қандай жағдайда да сақтап қалудың кепілдігі. Жалпы елімізде азаматтарды қаржылық-материалдық жақтан қамтамасыз етуде аз жұмыс жасалып жатқан жоқ. Мысалы, әлеуметтік жағынан аз қорғалған отбасыларға азық-түлік, киім-кешек, оқу құралдары топтамасын ұсынып отырмыз. Әрине өте дұрыс. Десе де бұл – табиғи қорек. Адам шын мәнінде тек қарнының тоқтығымен тірі емес қой. Адамның толыққанды адам болуы оның рухани деңгейіне де байланысты. Мысалы елімізде көптеген әлеуметтік көмекке мұқтаж отбасылардың газет-журналдарға жазылуға мүмкіндігі жоқ. Алайда мұны ескеріп, осы тұрғыда оларға көмек көрсетуді ойлап отырған құзырлы орындар жоқ. Шын мәнінде бізге неге Ақпарат, Еңбек, Білім министрліктерінің күш біріктіруімен «Балдырған» журналын, сондай-ақ «Ұлан» газетін жаңағы осал топтарға жаздыртып беру ісін ұйымдастырмасқа?! Бізге тек материалдық көмекті ғана ойламай, халықтың рухани деңгейін көтеру жағына да назар аударып, нақты көмек жасалуы керек. Осы мәселеге мықтап көңіл бөлу қажет. Мен кездесуде министрге осындай ұсыныс жасадым. Осы мәселенің шешімін табу біздегі көп олқылықты жояр еді. Өйткені, шын мәнінде рухани деңгейі жоғары, көзі ашық, көкірегі ояу азаматтан ғана ел мүддесіне нағыз жанашыр, өз ісіне адал кадрлар, тұлғалар өсіп шығады.

Дереккөз: https://zanmedia.kz/storage/2020/10/zg2020-76.pdf 

Поделиться