Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения
Сенат Парламента
Республики Казахстан

Новости

(Неголовной законопроект) Содоклад Макежанова С.А. по проекту закона РК «О ратификации Протокола о внесении изменений в Соглашение о порядке таможенного оформления и таможенного контроля товаров, перемещаемых между государствами–участниками Соглашения о создании зоны свободной торговли, от 8 октября 1999 года»

02.12.2020 0

2020 жылғы 2 желтоқсан, 10-30 сағ, БКБ

«1999 жылғы 8 қазандағы Еркiн сауда аймағын құру туралы келiсiмге қатысушы мемлекеттердiң арасында тасымалданатын тауарларды кедендiк ресiмдеудiң және кедендiк бақылаудың тәртiбi туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы бойынша

 

Құрметті Владимир Васильевич!

Құрметті әріптестер!

 

Сіздердің қарауларыңызға «1999 жылғы 8 қазандағы Еркiн сауда аймағын құру туралы келiсiмге қатысушы мемлекеттердiң арасында тасымалданатын тауарларды кедендiк ресiмдеудiң және кедендiк бақылаудың тәртiбi туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы енгізіліп отыр.

Заң жобасын әзірлеу қажеттігі 2011 жылғы 18 қазанда Санкт-Петербургте Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің жаңа Еркін сауда аймағы туралы шартқа қол қоюына байланысты туындады. Сондықтан жоғарыда көрсетілген шартқа сәйкес келтіру мақсатында қатысушы мемлекеттердің арасында тасымалданатын тауарларды кедендік рәсімдеудің және бақылаудың тәртібі туралы келісімнің кіріспесіне, 1 және 6-баптарына өзгерістер енгізіледі. Оның мәні – тауарларды өтуін жеңілдетуге мүмкіндік беру және кеден органдарының бақылау уақытын қысқарту.

Хаттама ТМД-ға қатысушы мемлекеттер арасында ынтымақтастықты кеңейтуге және тереңдетуге, ықпалдасуға және өзара көмек көрсетуге бағытталған. Заң жобасы мемлекеттік бюджеттен қаражатты талап етпейді және кедендік әкімшілендіруді жақсартуға бағытталған. Жоғарыдағыны ескере отырып, қаралып отырған заң жобасын қолдауды сұраймын.

 

Назарларыңызға рақмет!

Поделиться