Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

(Неголовной законопроект) Содоклад Макежанова С.А. по проекту закона РК «О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам туристской деятельности»

02.03.2021 0

2021 жылғы 2 наурыздағы, сағ 15-00-дегі

Комитеттің отырысына С.А. Мәкежановтың баяндамасы

Құрметті Владимир Васильевич!

Құрметті әріптестер!

 

Аталмыш заң жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 1 қыркүйекте бірлескен Парламент отырысының IV сессиясында берген аясында орындалып отыр.

Негізгі мақсаттары – келу және ішкі туризмді дамыту үшін құқықтық негіздерді жасау, туризм саласына мемлекеттік қолдау көрсету және олардың жұмыс істеу тәртібін бекіту.

Бұл заң жобасының басымдылықтары.

Мәселен, 2019 жылғы туризм саласындағы мәліметтерге қарасақ, елден шыққан туристер саны 8 млн 400 мың болса, келуші туристер 6 млн 400 мыңдай, ішкі туризмдегі демалушылар саны 5 млн 100 мыңдай болған. Пандемияға байланысты бұл көрсеткіштер 2020 жылы 3,5 есеге төмендеп кетті.

Туризм саласын дамыту туралы мемлекеттік бағдарламаға сәйкес, 2025 жылға жалпы ішкі өнімнің үлесін 8 пайызға дейін жеткізу қажет, ол үшін келуші туристердің санын 9 млн дейін, ішкі туристердің санын – 8 млн өсіру, туризм саласындағы қызметшілер санын 650 мыңға дейін көтеру сияқты бағдарламанын арнайы индикаторларын орындауымыз қажет. Осыған байланысты баяндамада көрсетілгендей, қолданыстағы заңнамаларға өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі.

Заң жобасы 2 кодекске (Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының кәсіпкерлік кодексіне), 9 заңдарға («Қазақстан Республикасындағы тіл туралы», «Жекелеген кару турлері айналымына мемлекетпк бақылау жасау туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы», «Автомобиль жолдары туралы», «Жануарлар дуниесін қорғау, өсімін молайту жіне пайдалану туралы», «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы», «Халықтың көші-қоны туралы», «Рұқсаттар және хабарламалар туралы») өзгерістер мен толық тырулар енгізгелі отыр.

Халықаралық сарапшылардың мәліметтерінше, Қазақстанның туристік потенциалының төмендеу себептері келесідей:

1) туристтік инфрақұрылымның мардымсыз сапасы;

  1.  әуе қатынастарының толыққанды ашық еместігі;

    3) жолдардың төмен сапасы;

    4) автомобильдерді жалдау бойынша компаниялардың жеткіліксіз саны;

  2.  туризм саласындағы білім сапасының төмен болуы.

Заң жобасымен Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларына мынадай бағыттар бойынша түзетулер енгізуді көздейді:

- туристтік қызмет объектілерінің құрылысы және қайта жөнделуі мен жол жанындағы қызмет объектілерінің құрылысы кезіндегі шығындардың жартысын өтеу;

- туристтік автобустар, туристердің орналасу орнына дейінгі автожолдардың құрылысы мен оларды күтіп ұстау шығындарын өтеу;

- шетел туристін тарту бойынша туроператорлардың шығындарын субсидиялау;

- мәслихаттарға жергілікті бюджеттерге жатқызумен туристтік жарналардың ставкаларын бекіту бойынша өкілеттіктерін беру;

- ішкі және кіру туризмі саласындағы туроператорлардың қызметін лицензиялауды сақтап қалу.

Заң жобасын Мәжілісте талқылау аясында 32 жұмыс топтарының отырыстарында, Мәжілістің тұрақты комитеттерінің және комитеттердің кеңейтілген отырыстарында қаралған 355 түзетулер келіп түскен болатын. Нәтижесінде қорытынды салыстырма кесте 135 позициялардан тұрады.

Заң жобасының негізгі тұстары жайлы заң жобасын әзірлеуші атап өтіп кетті.

Заң жобасын қарау аясында жұмыс тобының отырысы өтті. Отырысқа заң жобасының әзірлеушілері, «Казах Туризм» Ұлттық компаниясы акционерлік қоғамының басшысы, туризм саласындағы туроператорлар қауымдастығының өкілі, осы заң жобасының бірден бір әсері байқалатын туризм дамытылатын өңірлердің бірі Алмата қалалық туризм басқармасының басшысы және де Алматы қалалық мәслихатының депутаттары қатысты.

Осы заң жобасына қолдау көрсету мультипликативтік эффект нәтижесінде туристік нарықта аумақтарымыздың бәсекеге түсу әлеуеті артады, туристік кластерге кіретін туристік ұйымдардың тиімділігін артады деген болжам жасалуда.

Құрметті әріптестер, жоғарыда баяндалғандардың негізінде, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне туристік қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасы бойынша бас комитетке оң қорытындымызды жолдауды ұсынамын.

Назарларыңызға рақмет!

Поделиться