Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

(Неголовной законопроект) Содоклад Макежанова С.А. по законопроектам «О республиканском бюджете на 2022 - 2024 годы» и «О гарантированном трансферте из Национального фонда Республики Казахстан на 2022 – 2024 годы»

02.11.2021 0

2022-2024 жылдарға арналған бюджет бойынша

Комитет отырысындағы С.А. Мәкежановтың сөзі

Құрметті Владимир Васильевич!

Құрметті депутаттар!

 

«2022 – 2024 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» және «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2022 – 2024 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы» Қазақстан Республикасы Заңдарының жобалары туралы өкілетті министрліктің басшылары негізгі көрсеткіштер бойынша толықтай баяндап берді.

Аталмыш заң жобалары Парламент Сенатының арнайы құрылған талқылау бойынша жұмыс тобының отырысында тиісті министрліктермен бірге қаралды.

Жұмыс тобы мүшелерінен тиісті ұсыныстар мен өзгертулер енгізілді.

Заң жобаларында, қаралған үш жылдық республикалық бюджет шығыстарының басымдықтары, еліміздің ұлттық басымдықтарына сәйкес келеді. Егер атап айтсақ,

-      ел азаматтары алдындағы әлеуметтік міндеттемелерін орындауға;

-      экономиканы қалпына келтіруге, экономиканың өсу факторларын дамытуға;

-      мемлекеттік қаржының тұрақтылығын арттыруға.

Айтылғанға байланысты, шығыстардың шамамен 50 пайызы әлеуметтік секторға бағытталған, жалпы шығыстар 2022 жылы 15,9 трлн тг. құрап, 2024 жылы 16 трлн тг. көлемінде деп болжанып отыр. Ол ішкі өнімнің 18,3%, алдыңғы жылмен салыстырған жағдайда 578,2 млрд тг. көп.
(Қосымша 1). Бюджет тапшылығы 2022 жылы жалпы ішкі өнімге 3,3 пайыздан 2024 жылы 2,5 пайыз болады деп жоспарланған.

Заң жобасында, бюджет тапшылығының ұлғаюына байланысты, 2022 жылы республикалық бюджет шығысының 37 пайызын, ұлттық қордың трансферті есебінен қамтамасыз ету қарастырылды. (2023 жылы – 34%, 2024 жылы - 31%).

Нақтырақ айтсақ, кепілдендірілген трансферт 2022 жылы 2,4 трлн тг., 2024 жылы 2,0 трлн тг. көлемінде айқындалып отыр.

Есеп комитетінің болжауы бойынша бұл шығыстар орта есеппен 45% дейін көтеріледі деп болжануда.

Қосымша, Есеп комитетінің анықтамасында, әлеуметтік экономикалық даму болжамының көрсеткіштерін, болжаудағы сәйкес келмеудің едәуір деңгейі, олардың нақты экономикалық өсу факторларымен үйлесімі келмейтіндігіне байланысты деп ерекше назар аударылған.

Республикалық бюджеттің 2022-2024 жылдарға арналған заң жобасында төмендегідей көрсеткіштер бекітілген. Олар:

1) жалақының ең төменгі мөлшері – 60 мың тг.

2) мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшері – 19 450 тг.

3) зейнетақының ең төмен мөлшері – 46 302 тг.

4) айлық есептік көрсеткіш – 3 063 тг.

5) ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасы – 36 018 тг.

2022 жылға:

1) мемлекеттің кепілдендірілген беру лимиті 1 трлн тг;

2) мемлекеттік кепілгерлік беру лимиті 45 млрд тг. жоғары.

 

Құрметті әріптестер!

 

Бүгінгі отырысқа шақырылып отырған орталық мемлекеттік органдар ішінде ең жоғары шығыстар, ол да қосымшада көрсетілгендей:

атап айтсақ, Ішкі істер министрлігінде – 13,8 млрд тг.

Қаржылық мониторинг агенттігінде – 1,6 млрд тг. (Қосымша 2.)

Керісінше, шығыстары да азайып отырған орталық органдар бар. Мысалы, Әділет министрлігінде - 3,1 млрд. тг.

Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттікте – 200 млн тг. азайған. (Қосымша 3).

Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетімен жұмыс тобының отырысында бүгін шақырылып отырған барлық орталық органдардың өтініштері мен есептері тыңдалды. Осыған байланысты қосымшада көрсетілген (Қосымша 4) аталмыш заң жобасында орталық мемлекеттік құқық қорғау органдарының қаржыландыру тиісті дәрежеде қаралғаны анықталды. Ол туралы өздеріңізге берілген анықтамада арнайы қарастырылған (Қосымша 5). Мысалы, Жоғары сотқа 3 жылға – 1,7 млрд тг.

Ішкі істер министрлігіне - 354,2 мың тг. т.б. қарастырылған.

Жұмыс тобының отырысында барлықтай дерлік орталық мемлекеттік органдардан қосымша қаржыландыру туралы өтініштер келіп түсті, ол өтініштер туралы бүгін айтылды. Жұмыс тобының отырысы барысында олар Қаржы министрлігімен бірге жұмыстанып бірге қарайтындығы туралы келісілді.

 

Құрметті әріптестер!

 

Жалпы, «2022-2024 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заң жобасы әлеуметтік - экономикалық даму болжамы макроэкономикалық тұрақтылықты сақтауға, ұлттық экономиканы тұрақты дамытуға бағытталған.

Қарастырылып отырған заң жобалары бойынша төмендегідей ұсыныс енгіземін.

Мемлекет Басшысының бюджеттік лимиттерді бөлудің объективті әдістемесін енгізу жөніндегі тапсырмасын ескере отырып, жобалардың қаржыландырудың басымдығын айқындаудың әдістемелік негізін қалыптастыру қажеттігі және бюджетті бағыттау жөніндегі жұмысты жандандыру қажеттілігін назарға алу ұсынылады.

Осы айтылғандарды ескере келе, Заң жобаларын қолдауларыңызды сұраймын.

Назарларыңыза рақмет!

Поделиться