Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне педагог мәртебесі, оқушы мен мұғалімге жүктемені төмендету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы жөнінде

26.12.2019 0
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне педагог мәртебесі, оқушы мен мұғалімге жүктемені төмендету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы (бұдан әрі - заң жобасы) Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасының 2018 жылғы 5 қазандағы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына Жолдауы шеңберінде әзірленді. Заң жобасы педагог мәртебесін реттеуді қамтамасыз ететін құқықтық тетікті жетілдіру, оқушы мен мұғалімнің жүктемесін қысқарту, сондай-ақ әлемдік тәжірибені ескере отырып, білім беру заңнамасындағы құқықтық олқылықтарды жою арқылы өзекті мәселелерді тиімді шешу мақсаттарында әзірленді. Заң жобасында сондай-ақ бірқатар ұғымдарды ашуға және бекітуге, қайталанатын және ескірген нормаларды алып тастауға, қоғамдағы педагог мәртебесін арттыру саласындағы заңнама нормаларының олқылықтары мен қайшылықтарын жоюға, оқушы мен мұғалімге жүктемені төмендетуге бағытталған түзетулер көзделген. Заң жобасы қабылданган жағдайда құқықтық салдарларға білім беру саласындағы мемлекеттік саясатты тиімді іске асыру үшін құқықтық негіздерді қамтамасыз етуге бағытталған заңнаманы жетілдіруді жатқызуға болады.
Бөлісу