Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

«Қазақстан Республикасы мен Сербия Республикасы арасындағы сотталған адамдарды беру туралы шартты ратификациялау туралы».

14.09.2017 0

Қазақстан мен Сербия арасындағы сотталған адамдарды беру туралы шартты ратификациялау туралы заң жобасы.

 

Шартқа 2016 жылғы 24 тамызда Белградта Елбасының Сербияға ресми сапары барысында қол қойылды.

Ол екі мемлекет арасындағы сотталған адамдарды бас бостандығынан айыру жазаларын ары қарай өздерінің туған елдерінде өтеу үшін берудің мүмкіндіктеріне қатысты мәселелерді реттейді.

Яғни егер Қазақстан азаматы Сербияда қылмыс жасап, ол үшін бас бостандығынан айырылса, ол жазасын бізде өтей алатын болады.

Осылайша, серб азаматтары Қазақстанда бас бостандықтарынан айырылса, біздің соттар тағайындаған жазаны Сербияда өтей алады.

Шартқа сәйкес, сотталған адам келесі жағдайларда берілуі мүмкін:

-              ол берілетін мемлекеттің азаматы болып табылса;

-              үкім түпкілікті болып табылғанда;

-              сотталған адамға қатысты Үкім шығарушы мемлекетте қандай да бір сот талқылаулары жүргізіліп жатпаса;

-              беру туралы сұрау салу келіп түскен кезде жазаны өтеудің қалған мерзімі кемінде 1 жылды құрайтын болса;

-              сотталған адам немесе оның заңды өкілі беруге келісім берсе;

-              оған қатысты үкім шығарылған іс-әрекет екі мемлекетте де қылмыс болып табылса;

-              екі мемлекет беруге келіссе.

Беру төмендегі жағдайларда жүзеге асырылмайды:

- бұл Тараптардың егемендігіне, қоғамдық тәртібіне нұқсан келтіруі мүмкін болса немесе ұлттық заңнамалары мен мүдделеріне қайшы келсе;

- сотталған адам келтірген залалды өтемесе немесе үкіміне сәйкес шығыстарды төлемесе.

Осы Шарт үлгілік болып табылады, ұқсас шарттар тағы 13 елмен жасалған: Әзірбайжан, Түрікменстан, Украина, Қытай, Түркия, Мажарстан, Испания, Италия, Иран, Румыния, Сауд Арабиясы, Үнді және Литва.  

Қазірде осы сынды келісімдерді Иордания, Бразилия, Моңғолия, Оңтүстік Корея және Біріккен Араб Әмірліктерімен жасасу мүмкіндігі қарастырылып жатыр.

Жалпы, Шарт айтарлықтай гумандық сипатта жасалған, себебі ол шетелде жазасын өтеп жатқан қазақстандық азаматтардың құқықтарын қорғау құқығын күшейтуге бағытталған.

Сонымен қатар, елімізден тыс жерде қамаудағы отандастарымыздың жақын-туыстарымен кездесу, жеткілікті түрде бірінші қажеттілік құралдарын алу мүмкіндігі бола бермейді, өйткені бұл қаражатты талап етеді және де тілдік барьер орын алады.

«Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы» Заңның 11-бабына сәйкес бұл Шарт ратификациялауға жатады, себебі ол адам құқықтары мен бостандықтарына тікелей қатысты.

 

Бөлісу