Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

«1992 жылғы 6 шілдедегі Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Экономикалық Сотының мәртебесі туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы

11.05.2018 0

«1992 жылғы 6 шілдедегі Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Экономикалық Сотының мәртебесі туралы Келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасына

АНЫҚТАМА

 

 

1992 жылғы 6 шілдедегі Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Экономикалық Сотының мәртебесі туралы Келісімге өзгерістер енгізу туралы Хаттама (бұдан әрі – Хаттама) 2016 жылғы 16 қыркүйектегі ТМД Мемлекет басшылары кеңесінің Шешіміне сәйкес әзірленді және оған            2017 жылғы 13 қыркүйекте ТМД Мемлекет басшыларымен қол қойылды.

5 мемлекет: Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Ресей Федерациясы және Тәжікстан Республикасы Хаттаманың қол қоюшылары болып табылады.

Хаттама «Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы» 2005 жылғы 30 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 4-тармағына сәйкес ратификациялауға жатады.

Хаттама ТМД Экономикалық Сотының (бұдан әрі – ТМД Соты) қызметін «ad hoc» жұмыс қағидасына ауыстыруды қарастырады.

«Ad hoc» қағидаты бойынша ТМД Сотының жұмыс форматы, Соттың орналасу жері бойынша (Минск қ.) тұрақты негізде қызмет атқаратын ТМД Сот төрағасын қоспағанда, тек нақты дауды қарастыру кезіндегі судьялардың қызметін ғана көздейді.

Әрбір Тараптан Соттың құрамына екі кандидатурадан ұсынылады.

Осы Хаттаманың мақсаты – ТМД органдарының бірыңғай бюджетінен қаражатты тиімді пайдалану болып табылады.

Соттың және оның аппаратының жүктемесін ескере отырып, оны қаржыландыруға кететін шығыстары айтарлықтай қысқарады.

Хаттаманы іске асыру жағымсыз әлеуметтік, экономикалық, құқықтық салдарларға әкелмейді.

 

 

Бөлісу