Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

«Қазақстан Республикасы мен Моңғолия арасындағы сотталған адамдарды беру туралы шартты ратификациялау туралы»

11.11.2019 0

Шарт екі мемлекет арасында сотталған адамдарды жазасын одан әрі өз отанында өтеу үшін олармен алмасу мүмкіндігімен байланысты мәселелерді реттейді. Шартпен адамды беруді іске асыруға рұқсат ететін нақты жағдайлар мен осындай беру мүмкіндігін жоққа шығаратын жағдайлар көзделген.

Қазіргі     ақпаратқа     сәйкес     Қазақстанда     Моңғолияның 5 азаматты жазаларын өтеп жатыр, ал Моңғолияда сотталған Қазақстан азаматтары жоқ.

Қазақстанмен осыған ұқсас шарттар 21 елмен жасалған (Мысалы, Украина, Қытай, Түркия, Біріккен Араб Әмірліктері және т.б.).

«Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы» Заңының 11-бабына сәйкес, осы Шарт адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын тікелей қозғайтындықтан, ол ратификациялауға жатады.

Шартты ратификациялау екі мемлекет үшін өзекті болып табылады, себебі қазіргі таңда Қазақстан үшін біздің азаматтарымыздың шетелде құқықтық қорғалуын күшейту аса маңызды. Ұсынылып отырған Заң жобасын қабылдау республикалық бюджеттен қосымша қаражатты қажет етпейді.

Бөлісу