Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

«1996 жылғы 16 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Әзербайжан Республикасының Үкiметi арасындағы табыс пен мүлiкке қосарланған салық салуды болдырмау және салық төлеуден жалтаруға жол бермеу туралы конвенцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Әзербайжан Республикасының Үкiметi арасындағы хаттаманы ратификациялау туралы»

24.01.2018 0
Выступление

«1996 жылғы 16 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Әзербайжан Республикасының Үкiметi арасындағы табыс пен мүлiкке қосарланған салық салуды болдырмау және салық төлеуден жалтаруға жол бермеу туралы конвенцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Әзербайжан Республикасының Үкiметi арасындағы хаттаманы ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заң жобасы

 

Екі мемлекет арасындағы қолданыстағы Конвенцияға 1996 жылғы 16 қыркүйекте Бакуде қол қойылды және Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 24 ақпандағы № 73-1ҚРЗ Заңымен ратификацияланды.

Салық конвенцияларының болуы салықтық қатынастардың салыстырмалы тұрақтылығына кепілдік береді, бұл шетелдік инвесторларға маңызды. Бұдан басқа, ашықтығы және уағдаласушы елдердің резиденттері алған табыстар туралы ақпарат алмасуға дайындығын көрсетеді, сондай-ақ, қосарланған салық салуды жояды, сөйтіп салық ауыртпалығын жеңілдетеді.

Қазақстан Республикасының салық заңнамасының, Экономикалық Ынтымақтастық және Даму Ұйымы модельдік конвенциясы мен Қазақстандық салық конвенциясы моделінің өзгеруін ескере отырып, Қаржы министрлігі Әзербайжанмен Конвенцияға өзгерістер енгізуді ұсынды.

Бұл Хаттамамен қолданыстағы Конвенцияның 30-бабының 13-бабына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілді:

Негізгі (тұжырымдамалық):

-салық қызметтері арасындағы ынтымақтастықты кеңейту мақсатында мынадай баптарға түзетулер енгізілді:

- «Ақпарат алмасу» (Экономикалық Ынтымақтастық және Даму Ұйымының Модельдік конвенциясына сәйкес келтіру мақсатында осы баптың қолданылуын кеңейту және нақтылау мақсатында)

-        «Жеңілдіктерді шектеу» (бап ішкі заңнаманы, мысалы салықтық жалтарулар анықталған және Конвенцияның ережелерін теріс пайдаланған кезде Трансферттік баға белгілеу туралы заңды қолдануға мүмкіндік береді).

Редакциялық және нақтылайтын түзетулер:

-Хаттамамен «Қазақстан», «Әзербайжан» терминдеріне өзгерістер енгізілді;

-Конвенция қолданылатын Қазақстандық және Әзербайжандық салықтардың атаулары нақтыланды.

Сондай-ақ:

- уағдаласушы мемлекеттерде резиденттікті айқындауды реттейтін баптардың ережелері нақтыланды;

Осы түзетулер салықтық жалтарулардың алдын алуға бағытталған.

Сондай-ақ екі мемлекет арасында салық салу мәселелерінде заңнамалық база ретінде осы Хаттаманың маңызды рөлін атап өткім келеді.

Бұдан басқа Әзербайжанмен өзара сауда-саттық туралы статистикалық деректерге тоқталып өткен орынды.

Соңғы 10 жылда Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы тауар айналымы 2 758,5 млн. АҚШ долларын құрады, оның ішінде 2016 жылы 137 млн. АҚШ долларын құрады.

Қазақстандық экспорттың негізгі баптары бидай, битум тектес түрлерінен алынған шикі мұнай өнімдері және темірден жасалатын тегіс илем болып табылады.

Импорт құрылымында қант, қара металдан жасалатын металл конструкциялар басымдыққа ие.

Соңғы 10 жылда Әзербайжаннан Қазақстан Республикасына инвестициялар 168,7 млн. АҚШ долларын, оның ішінде 2016 жылы
11 млн. АҚШ долларын құрады.

Хаттаманы іске асыру мемлекеттік бюджеттен қаржылық шығындарды талап етпейді.

Бөлісу