Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

«1992 жылғы 6 шілдедегі Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Экономикалық Сотының мәртебесі туралы Келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы

14.05.2018 0

«1992 жылғы 6 шілдедегі Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Экономикалық Сотының мәртебесі туралы Келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы

 

Хаттама «Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы» 2005 жылғы 30 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 4-тармағына сәйкес ратификациялауға жатады.

Хаттама 2016 жылғы 16 қыркүйектегі ТМД Мемлекет басшылары кеңесінің Шешімін орындау мақсатында әзірленді және оған 2017 жылғы 13 қыркүйекте қол қойылды.

Осылайша, 5 мемлекет: Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Ресей Федерациясы және Тәжікстан Республикасы Хаттаманың қол қоюшылары болып табылады.

Хаттама ТМД Соты қызметін оны «ad hoc» қағидасы бойынша жаңа нысандағы жұмысқа ауыстыру арқылы жетілдіруді қарастырады.

«Ad hoc» қағидасы бойынша ТМД Сотының қызметі, тұрақты қызмет атқаратын ТМД Сот төрағасын қоспағанда, судьялардың қызметін тек нақты дауды қарастыру кезінде ғана көздейді.

Осылайша, ТМД Сотының «ad hoc» қағидасы бойынша жұмысқа ауысуы тек қаражатты тиімді пайдалануға ғана емес, сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Конституциясына жалпы қайшы келмейтін өз мемлекетінде адам капиталын сақтап қалуға бағытталған.

Жалпы алғанда, 1992 жылғы 6 шілдедегі Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Экономикалық Сотының мәртебесі туралы Келісімнің әрбір қатысушы мемлекетінен екі адамнан құралатын судьяларды құру қағидасы сақталды.

Бөлісу