Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

«Өлшем бірлігін қамтамасыз ету және стандарттау мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңының жобасы

21.06.2018 0

 «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету және стандарттау мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы «Стандарттау туралы» Заң жобасы нормаларын іске асыру, сондай-ақ өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы заңнаманы жетілдіру мақсатында әзірленген.

Заң жобасы келесі негізгі өзгерістерді:

-өлшем бірлігін қамтамасыз ету мемлекеттік жүйесінің жаңа құрылымын қалыптастыру;

-метрологияда мемлекеттік реттеудің үлгісін өзгерту;

-эталондарды салыстырып тексеруден калибрлеуге көшуді қамтиды.

Мемлекеттік реттеудің жаңа үлгісі мемлекеттік органдармен бекітілген Өлшеулер тізбесі мен НҚА арқылы жүзеге асырылатын болады.

Эталондарды салыстырып тексеруден калибрлеуге көшіру өлшеулерді бақылаудің негізгі тетігі ретінде халықаралық саудада өлшеу нәтижелеріне сенімділік үшін негіз болып табылады.

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодекске енгізілетін өзгертулермен техникалық реттеу және метрология саласындағы бұзушылықтар үшін жауапкершілік күшейтілді және айыппұлдар үш есеге арттырылды.

Жол қозғалысы туралы заңнама автокөлік құралдарының электронды төлқұжаттарын енгізу жөніндегі нормамен толықтырылды.

«Жол қозғалысы туралы» ҚР Заңына ҚР-де Электрондық төлқұжат жүйесін пайдалануға енгізу үшін уәкілетті органды айқындау және электронды төлқұжаттарды жүргізу тәртібін бекіту функцияларын Үкіметке беретін өзгерістер енгізілді.

Экологиялық кодекске өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы техникасын және кабельді-сым өнімдерін оларға кәдеге жаратуға жинау және әлеуметтік маңызы бар тамақ өнімдерін өндірушілерге олардың қаптамасының кәдеге жарату сомасының орнын толтыру тетігін енгізу арқылы ынталандыру боййынша өзгерістер енгізілді.

Электр энергетикасы туралы заңнамаға Адамдар тобы атынан жаңа қатысушы енгізу арқылы электр энергиясы қуатын тарату және оның Бірыңғай сатып алушыға қатысын анықтау жүйесіне өзгерістер енгізілді.

Автомобиль жолдары туралы заңнамамен жол-жөндеу жұмыстарының сапасын бақылаудың Бірыңғай орталығын құруды қарастыратын өзгертулер енгізілді..

 «Қаржы лизингі туралы» ҚР Заңына өзгерістермен шағын және орта бизнеске ғана емес, сонымен қатар мемлекет, мемлекеттік мекемелердің қатысуымен қаржылық лизинг қызметтерін көрсету ауқымы кеңейтілді. Осылайша қаржылық лизинг қызметтерін көрсетудің төменгі шегінің мерзімі үш жылдан бір жылға дейін тазайтылды.

«Байланыс туралы» Заңында енгізілетін өзгерістермен құрылысқа тапсырыс беруші мен телекоммуникация желілерінің меншік иесі арасындағы қарым-қатынастарда құқықтық олқылықтарды болдырмауға мүмкіндік беретін норма енгізіледі.

Жалпы, «Стандарттау туралы» жаңа Заңды әзірлеуге байланысты стандарттау саласындағы салалық мемлекеттік органдардың құзыреттілігі нақтыланған және стандарттау бөлігінде бірыңғай терминология қолданылаған 10 ҚР кодексіне және 46 ҚР заңына өзгерістер енгізілді.

Бөлісу