Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

«Бір тараптан Еуразиялық экономикалық одақ пен оған мүше мемлекеттер және екінші тараптан Қытай Халық Республикасы арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы»

24.04.2019 0

Бір тараптан Еуразиялық экономикалық одақ пен оған мүше мемлекеттер және екінші тараптан Қытай Халық Республикасы арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы келісімге

анықтама

 

 

2018 жылғы 17 мамырда Астана қаласында Астана экономикалық форумы шеңберінде ЕАЭО мүше мемлекеттердің премьер-министрлерінің орынбасарлары, ҚХР Коммерция министрінің орынбасары (министр мәртебесінде) және Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы Бір тараптан Еуразиялық экономикалық одақ пен оған мүше мемлекеттер және екінші тараптан Қытай Халық Республикасы арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы келісімге (бұдан әрі – Келісім) қол қойды.

Келісім ЕАЭО мүше мемлекеттер мен Қытай арасындағы өзара сауданы жақсарту үшін жағдай жасауға бағытталған, бірақ баждарды жоюды немесе тарифтік емес кедергілерді автоматты түрде азайтуды көздемейді.

Қаралып отырған шартта ішкі нарықты қорғау шаралары, саудадағы техникалық кедергілер, санитариялық және фитосанитариялық шаралар, кедендік ынтымақтастық, зияткерлік меншік, бәсекелестік, мемлекеттік сатып алулар саласындағы ынтымақтастық, салалық ынтымақтастық, электрондық сауда сияқты сауданы реттеу және ынтымақтастық салаларының кең ауқымы қамтылған.

Келісімге сәйкес тараптар өзара тауарлар саудасында ДСҰ деңгейінде сауда режимін сақтауды талап ету құқығын және кепілдіктерді бекітті.

Сондай-ақ, Келісімде құқықтық реттеу жүйелерінің, жалпы қолданыстағы шараларды және әкімшілік актілерді қабылдау процестерінің, мемлекеттік органдар қызметі процестерінің және т.б. ашықтығын қамтамасыз ететін транспаренттілік тетігі көзделген. Бұдан басқа, аталған транспаренттілік тетігі тараптарға субсидиялар мен сауда шаралары туралы хабарламалар, ішкі реттеу туралы ақпарат алмасуға мүмкіндік береді.

Келісім ҚХР-мен анағұрлым тығыз сауда-экономикалық әріптестікке біртіндеп жылжу үшін негіз болуға тиіс. Келісім ақпарат алмасуды дамыту, кедергілерді анықтау және Қытаймен өзара сауданы ілгерілету құралы болуға арналған, сондай-ақ қосымша әлеуетті ынтымақтастық салаларын іздеуге ықпал ететін болады.

Бөлісу