Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты және Беларусь Республикасы Ұлттық Жиналысы Республика Кеңесі парламентаралық комиссиясының инновациялық саладағы ынтымақтастығын дамыту жөніндегі кіші комиссиясының бірінші отырысына қатысты.

16.04.2019 0

Минскіде Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты және Беларусь Республикасы Ұлттық Жиналысы Республика Кеңесі парламентаралық комиссиясының инновациялық саладағы ынтымақтастығын дамыту жөніндегі кіші комиссиясының бірінші отырысы өтті. Қазақстан Сенаты мен Беларусь Ұлттық Жиналысы Республика Кеңесінің төрағалары өткен жылғы қараша айында заманауи технологияларды ілгерілете отырып, парламентаралық үнқатысудың жаңа қырларын ашу және бірлескен жобалардың жүзеге асуын заңнамалық тұрғыда қамтамасыз етуге байланысты іс жүзіндегі нәтижесін көру мақсатында осы кіші комиссияны құру жөнінде шешім қабылдаған болатын. Қазақстандық делегацияны Сенаттың Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің хатшысы Төлеубек Мұқашев бастап барды. Делегация құрамында сенаторлар Рашит Әкімов, Бақытжан Жұмағұлов пен Еділ Мамытбеков бар. Екіжақты кіші комиссияның отырысында Қазақстан мен Беларусь елдерінің өзара іс-қимылының өзекті мәселелері талқыланды. Атап айтқанда: Кіші комиссияның регламенті туралы; Қазақстанда ұшқышсыз ұшақтардың және ақпаратты қорғау құралдарының бірлескен өндірістерін ұйымдастыру; оптикалық-электронды құрылғылар және геометриялық өлшемдерді өлшеуге арналған жүйелер саласындағы ынтымақтастық мәселелері қозғалды.


Ақпарат көзі: 
http://www.parlam.kz/kk/senate/press-center/article/39776

Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты

Бөлісу