Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

«1996 жылғы 16 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Әзербайжан Республикасының Үкіметі арасындағы табыс пен мүлікке қосарланған салық салуды болдырмау және салық төлеуден жалтаруға жол бермеу туралы конвенцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Әзербайжан Республикасының Үкіметі арасындағы хаттаманы ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы бойынша Комитет отырысында қосымша баяндама жасады

30.01.2018 0

 

Құрметті әріптестер!

 

Сіздердің назарларыңызға «1996 жылғы 16 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Әзербайжан Республикасының Үкіметі арасындағы табыс пен мүлікке қосарланған салық салуды болдырмау және салық төлеуден жалтаруға жол бермеу туралы конвенцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Әзербайжан Республикасының Үкіметі арасындағы хаттаманы ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заң жобасы ұсынылып отыр.

Хаттаманың мақсаты ақпарат алмасу арқылы екі мемлекеттің салық қызметтерінің ынтымақтастығын дамыту және Конвенцияның жекелеген ережелерін қайта қарау болып табылады.

Хаттама Салық қатынастарының салыстырмалы тұрақтылығына кепілдік береді, табыстарға қосарланған салық салуға жол бермейді және екі мемлекет арасында неғұрлым тығыз экономикалық байланыстар орнатуға мүмкіндік береді.

Талданып отырған өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттамада негізгі халықаралық шартты салық салу практикасының қазіргі заманғы талаптарына сәйкес келтіретін түзетулер көзделеді. Осығын байланысты, осы түзетулерде Қазақстан Республикасының басқа халықаралық шарттардан туындайтын құқықтары мен міндеттемелерін қозғауы мүмкін жаңа нормалар көзделмейді.

Хаттаманың бүкіл мәтініндегі нақтылаушы нормалар Конвенцияны тұтастай тиімді іске асыруға әсерін тигізеді,                  сондай-ақ бұл нормалар 1996 жылғы Конвенцияның жетіспеушіліктерін толықтырады.

Осы Хаттама «Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы» Заңының 11 бабының 2) тармағына сәйкес ратификациялануға жатады.

Заң жобасын қабылдау теріс салдарларға әкеп соқпайды, мемлекеттік бюджеттен қаражат жұмсауды қажет етпейді.

Хаттаманың ережелері Қазақстан Республикасы Конституциясының, Қазақстан Республикасының Заңдары мен нормативтік құқықтық актілерінің нормаларына қайшы келетін нормаларды қамтымайды.

Заң жобасы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі, Сенат Аппараты өкілдерінің қатысуымен  жұмыс тобының отырысында жан-жақты талқыланды және пайда болған сұрақтарға жауаптар алынды.

Баяндалғанның негізінде, заң жобасын қолдап, бас комитетке ескертпелерсіз жіберуді ұсынамын.

        Назарларыңызға рахмет!

 

 

 

 

Бөлісу