Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

Парламент Сенатының депутаттары Әлімжан Құртаевв пен Серік Бектұрғано 7-9 мамырда Сингапурде өткен Халықаралық сауда жөніндегі парламенттік семинарға қатысты.

07.05.2018 0

Парламентік семинар

 

Парламент Сенатының депутаттары Серік Бектұрғанов пен Әлімжан Құртаев 7-9 мамырда Сингапурде өткен Халықаралық сауда жөніндегі парламенттік семинарға қатысты.

Дүниежүзілік сауда ұйымы (ДСҰ), «Темасек» қоры және С.Раджаратнама атындағы Халықаралық зерттеулер мектебімен Наньян технологиялық университетінде ұйымдастырған жыл сайынғы семинарға бірқатар Азия елдерінен 40-тан астам парламент мүшелерін жинады.

Іс-шара барысында қатысушылар ДСҰ қызметінің негізгі принциптерімен, оның қызметінің нәтижелерімен және ұйымның алдында тұрған қазіргі қиындықтарымен танысты.

Сауда-саттықты жеңілдету, аймақтардағы сауда туралы келісімдерді кеңейту, шағын және орта бизнесті халықаралық нарыққа шығару, соның ішінде электрондық коммерцияны дамыту мүмкіндіктерін кеңейту мәселелері бойынша парламентшілердің рөлі туралы пікір алмасу болды. Сондай-ақ, аймақтағы елдер үшін сауда-саттық дауларын және «Бір белдеу бір жол» бастамасын шешу жолдары қарастырылды.

 

Бөлісу