Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

2018 жылдың 30 наурыз - 4 сәуір аралығындағы Оңтүстік Қазақстан облысындағы Қазақстан Республикасы Парламент Сенатының депутаты Ә.С. Құртаевтың жұмыс іс-сапары туралы

05.04.2018 0

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Ә. Құртаевтың

Оңтүстік Қазақстан облысы өңіріне  іс-сапары бойынша

ЕСЕБІ

 

         Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Ә. Құртаев 2018  жылдың 30 наурыз - 4 сәуір аралығында Оңтүстік Қазақстан облысында іс-сапарда болып келесідей іс-шараларға қатысты:

-                     30 наурызында Сенатор Облыс әкімі Ж.Қ. Түймебаевтың қабылдауында болды. Қабылдауда Қазақстар Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың 2018 жылғы 5 наурыздағы «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты халыққа арналған Үндеуі талқыланып, өзара ой бөлісті.

 

Одан кейін,  депутат «ҚР Президентінің бес әлеуметтік бастамасы» атты халыққа Үндеуі бойынша Шымкент қаласындағы Медициналық Академия студенттерімен кездесуге қатысты. Шараны оқу орнының ректоры, профессор М.Рысбеков ашты. Сенатор Елбасының бес әлеуметтік бастамасы бойынша баяндама жасады. Ә.Құртаев осы салаға қатысты үш бастамаға «Әрбір отбасына баспана алудың жаңа мүмкіндіктерін беру», «Жалақысы төмен жұмысшылардың еңбекақысын көбейту үшін олардың салық жүктемесін азайту»,  «Жоғары білім алудың қолжетімділігі мен сапасын арттырып, студент жастардың жатақханадағы жағдайын жақсарту»  ерекше тоқталып өтті. ФІҰжБ кафедрасының профессоры Н.Жұмабаев сөз алып, Елбасы Үндеуін қолдайтынын білдірді.

 

-                     31 наурызында,  Депутат Шымкент қаласындағы Инновациялық – техникалық колледжінің оқытушылар құрамымен жəне студент жастарымен кездесті. Кездесу барысында депутат Президенттің бес əлеуметтік жаңғыртуға бағытталған бастамаларының мазмұны жайында əңгімеледі. Бес əлеуметтік бастамадағы жатақханамен қамту, білім гранттарын ұлғайту, оқу орындары түлектерін жұмысқа орналастыруға қатысты мəселелері кездесудің басты тақырыбы болды.

 

-                     2 сәуір  күні, депутат Ә.Құратев Сайрам ауданында барып, ауданның беслсенді азаматарымен кездесті. Кездесуге  аудан мәслихатының депутаттары, ауыл округі әкімдері және дербес бөлім басшылары, зиялы қауым өкілдері, аудан тұрғындары, жастар және жергілікті БАҚ өкілдері қатысты. Жүздесуде Мемлекет басшысының бес əлеуметтік бастамасының негізгі бағыттары талқыға салынды. Əсіресе тұрғын үй алуға арналған несиенің ерекшеліктері, жоғары білім алудағы жаңалықтар, салық жүктемесінің төмендетілгені туралы мəселелер жан-жақты түсіндірілді. Сондай-ақ жергілікті жерлердегі өзекті мəселелер туралы да айтылды. Кездесуде «Жер туралы»  заңға қатысты, Елбасының үндеуіндегі жеке табыс салығына қатысты сұрақтар көтеріліп, сондай-ақ қатысушылар тарабынан ұсыныстар айтылды. Кездесу соңында аудан әкімі Б. Мамев Елбасы Үндеуіндегі бастамалардың маңыздылығын айтып, ҚР Парламенті Сенатының депутат Ә. Құртаевқа аудан тұрғындары атынан алғысын білдірді.

 

Одан соң, Депутаттың жұмыс жоспарына сәйкес Түлкібас ауданына барып, Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Бес әлеуметтік бастама» атты халыққа Үндеуін түсіндіру мақсатында ауданның белсенді азаматтарымен кездесу өткізді. Кездесуге аудандық мәслихат депутаттары, дербес бөлім басшылары, ауылдық округ, поселке әкімдері және жергілікті БАҚ өкілдері қатысты. Жиын барысында Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Әлімжан Сейітжанұлы Үндеудегі бес әлеуметтік бағыттың бәріне жеке-жеке тоқталып, әр бағытының орындалуы дамыған отыз елдін қатарына қосылуға үлкен серпіліс беретіндігін  айтып өтті. Сонымен қатар, қазіргі таңда Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары тарапынан қаралып жатқан заң  жобалары туралы да тоқталды. 

          Кездесу соңында аудан мәслихатының депутаттары тарапынан ұсыныстар айтылып,  Әлімжан Сейітжанұлы айтылған ұсыныстарды назарға алып, ұсыныстар бойынша тиісті жұмыстар жүргізілетіндігі туралы айтып өтті.

 

 

-                     3 сәуір күні, Әлімжан Құртаев Созақ ауданына барып, ауданнық белсенді азаматтары, мәслихат депутаттарымен кездесті. Кездесуді аудан әкімі Салыхан Полатов жүргізіп отырды. Жиын барысында Сенатор мемлекет басшысы Н. Ә. Назарбаевтың «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты халыққа үндеуіндегі айтылған бағыттар туралы ой бөлісті. Аталған бағыттар еліміздің экономикалық өсімін жеделдетіп, халықтың әл-ауқатын жақсартуда маңызды рөл атқаратындығы, бұл 5 бағыт ауқымды әлеуметтік жобалар мен есеп-қисабы мұқият жасалған бағдарлама арқылы жүзеге асуы, алдағы уақытта әлеумет бұл үндеудің пайдасын көре бастайтындығы туралы ой бөлісті. Сенатормен өткен кездесу барысында аудандық мәслихаттың хатшысы, аудандық мәслихат депутаттары, ауданның белсенді азаматтары халықты толғандырып жүрген мəселелерге орай сұрақтар қойып, өз ойларын ортаға салды. Елбасы үндеуін жүзеге асыруға байланысты нақты ұсыныс-пікірлерін білдірді.  Кездесуді қортындылаған аудан әкімі Салыхан Полатов сенатордың жұмысына табыс тіледі.

 

Одан кейін, депутат Бәйдібек  аудандық мәслихаты  депутаттарымен кездесу жиынына қатысты. Кездесу жиынын Бәйдібек ауданының әкімі Бақытбек Танагөзов жүргізіп отырды. Кездесу жиынының күн тәрбіндегі мәселе бойынша сенатор Ә.Құртаев «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты халыққа үндеуін іске асыру барысы және Қазақстан Республикасы Парламент сенатының атқарған жұмыстары туралы және елімізде қолданыстағы заңнамаларға енгізіліп жатқан өзгерістер мен қабылданған заңдар жөнінде хабарлама жасады.

 Хабарлама тыңдалғаннан кейін, Бәйдібек аудандық мәслихаттың депутаттары – «Ең төменгі жалақы, оның ішінде мектептегі кіші буын қызметкерлердің жалақасын көтеру, әйел азаматтардың зейнеткерлік жасын 58 жастан асырмау, ауыл шаруашылығы саласы бойынша өткен жылы несие алып жұмыс жүргізіп жатқан кооперативтердің жұмыстарын одан әрі дамыту туралы» сенаторға өздерінің ұсыныстарын айтты.

 

-                     4 сәуір күні, депутат Төлеби ауданының активтерімен кездесу жиынына қатысты. Сенатор жиын барысында ауданның әлеуметтік-экономикалық ахуалымен танысып,  «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» халыққа үндеуін іске асыру барысы және Қазақстан Республикасы Парламент сенатының атқарған жұмыстары туралы сөз қозғады.  Сондай-ақ, елімізде қолданыстағы заңнамаларға енгізіліп жатқан өзгерістер мен қабылданатын заңдар жөнінде хабарлама жасады.

Халық қалаулысының баяндамасы аяқталған соң, актив мүшелері көкейде жүрген сауалдарын қойып, аудан тұрғындары атынан ұсыныстарын айтты. Мәселен, «Нұр Отан» партиясының Төлеби аудандық филиалының бірінші орынбасары Қуаныш Қансейітов әлеуметтік аз қамтылған топтардың,  екінші деңгейдегі банктердің қара тізімінде тұрған азаматтардың мемлекеттік бағдарламамен үй алу мәселесі қалай шешілетінін сұрады.

Жиынды ашып, қорытындылаған аудан әкімі Бұхарбай Рысқұлұлы Елбасымыздың Үндеуінде атап көрсетілген бастамалар мемлекетіміздің кемелді келешегі, баянды болашағы үшін жасалып отырған нақты қадам екендігін айтып, аудан тұрғындары атынан Әлімжан Сейітжанұлына мазмұнды баяндамасы үшін алғыс білдірді.

 

Одан соң, ҚР сенат депутаты Әлімжан Құртаев, Қазығұрт ауданы әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімі аппараты, ауыл округінің әкімдері, дербес бөлім басшылары және аудандық мәслихат депуттарымен кездесу өткізді. Кездесуде Елбасының халыққа арнаған биылғы Жолдаудағы ма­ңыз­ды стратегиялық құжат­тағы 5 басымдыққа тоқталды. Кездесу барысында баспана алу мәселесі мен жас мамандардың көтерме жәрдемақыларын өсіру, жатаққаналармен қамту мәселелер сөз болды. Сонымен қатар парламентте заң аясында атқарылып жатқан жұмыстарын баса айтты.

 

Бөлісу