Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

2018 жылдың 8 - 10 тамыз аралығындағы Түркістан облысындағы Қазақстан Республикасы Парламент Сенатының депутаты Ә.С. Құртаевтың жұмыс іс-сапары туралы

13.08.2018 0

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Ә. Құртаевтың

Түркістан облысына іс-сапары бойынша

ЕСЕБІ

 

         Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Ә. Құртаев 2018 жылдың 8-10 тамыз аралығында Түркістан  облысында іс-сапарда болып келесідей іс-шараларға қатысты:

         - 8 тамыз  депутат Ә. Құртаев жұмыс сапарымен Арыс қаласына болып, тұрғындармен кездесті. Жиынға қала әкімі М.Қадырбек, қалалық мәслихат хатшысы А.Байтанаева, мәслихат депутаттары, мекеме, бөлім басшылары мен қызметкерлері, үкіметтік емес ұйымдар, білім, мәдениет, денсаулық, спорт салаларының қызметкерлері, зиялы қауым, жастар өкілдері қатысты.

Жиын барысында депутат Парламент қабырғасында атқарылған жұмыстар мен қабылданған заңдар туралы жан-жақты баяндады. Сенатор тұрғындардың толғандырған сауалдарына жауап беріп, экономикасы дамып, халқының әлеуметтік жағдайы жылдан-жылға жақсарып келе жатқан Арыс қаласындағы атқарылған істерге оң бағасын берді.

 

- 9 тамыз  сенатор Әлімжан Сейітжанұлы арнайы жұмыс сапарымен Отырар ауданында болды. Депутат алдымен Шілік ауылындағы С.Құртаев атындағы жалпы орта мектебіне барып, ҰОС ардагерінің ескерткішіне гүл шоқтарын қойды.

Мұнан соң сенат депутаты аудан әкімдігінің мәжіліс залында тұрғындармен кездесіп, жыл басынан бері Парламентте атқарылған жұмыстар жайлы баяндады.

Кездесуде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауы мен «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты үндеуін, «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласын жан-жақты түсіндіріп өтті, сондай-ақ Сенат депутаты Парламентте қабылданған заңдарға да кеңінен тоқталды.

Кездесуден соң Әлімжан Сейітжанұлы Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-мұражайының жаңадан жабдықталған экспозиция залын аралап, қарт тарихтан сыр шертетін құнды тарихи жәдігерлермен танысты. Одан соң Мыңшұқыр елдімекеніндегі жаңа мөлтекауданда бой көтеріп жатқан мемлекеттік қызметтік үйлердің құрылыс жұмыстарын аралап көріп, қарқынды жұмыстарға оң бағасын берді.

Жұмыс сапарының соңында аудан әкімінің орынбасары П.Жаппарқұлов халықпен кездесіп, тұрғындардың көкейінде жүрген сұрақтарына жан-жақты жауап берген ҚР Парламенті Сенатының депутатына аудан халқы атынан ризашылығын білдіріп, шынайы алғысын жеткізді.

 

         - 10 тамыз  ҚР Парламенті сенатының депутаттары Әлімжан Құртаев   пен Әли Бектаев арнайы іссапармен Түркістан қаласында болды. Жаңа облыс орталығының даму перспективаларымен танысқан халық қалаулылары қала активімен кездесті.

Сенат қабырғасында атқарылып жатқан жұмыстар мен қабылданған заңдар жайында кең көлемде сөз қозғаған сенаторлар «Елбасының бес әлеуметтік бастамасы» Үндеуі бойынша жан-жақты мәлімет берді. Сондай-ақ, халықтың ұсыныс-пікірлері мен сауалдарын тыңдады.

Жайылым жерлердің жетіспеуі, тойға тәртіп орнату, дәрілердің бағасын реттеу істері бойынша қойылған сауалдарға сенаторлар заң жүзінде толыққанды жауап берді. Жиынның қорытындысына сәйкес бұл мәселелерді жергілікті әкімдік те өз бақылауына алады.

Кездесу барысында ҚР Парламенті сенатының депутаты Ә.Құртаев еліміздің экономикалық-саяси дамуы аясында Конституциямыздағы заң баптарына енген өзгерістер мен толықтырулар жайында айтып өтті. Сондай-ақ, жиынға қатысушылармен ашық сұхбаттасып, пікір алмасқан халық қалаулылары Түркістанның гүлденуі мен абаттануына Елбасының баса назар аударып отырғандығын жеткізді.

Халық қалаулылары көпшілікті рухани астана, облыс орталығы Түркістан қаласының болашағына бағытталған жұмыстарды бірге атқаруға шақырды.

 

Бөлісу