Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

«Қазақстан Республикасы мен Бразилия Федеративтік Республикасы арасындағы сотталған адамдарды беру туралы шартты ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы бойынша Комитет отырысында қосымша баяндама жасады

18.02.2020 0

Құрметті Серік Рыскелдіұлы!

Құрметті шақырылғандар!

Қаралып отырған «Қазақстан Республикасы мен Бразилия Федеративтік Республикасы арасындағы сотталған адамдарды беру туралы шартты ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын баяндамашы толығымен баяндап, бағыттарымен ерекшеліктерін атап өтті. 

Өздеріңіз білесіздер, кез келген азамат өз елінің аумағынан тыс жерде қылмыс жасап, қамалған кезде түрлі қиындыққа тап болуы мүмкін. Оның ішінде жергілікті тілді жетік білмеуі, өз жақындарымен, туыстарымен кездесуге, өзі қалайтын қорғаушы алуға байланысты және басқа да әртүрлі қиындықтар болуы мүмкін. Мұндай адамдардың артында қалған жақын туған-туыстары да бipaз қиындықтарға кезігетіні сөзсіз.

Аталған Шарт екі мемлекет арасында сотталған адамдарды жазасын одан әрі өз отанында өтеу үшін олармен алмасу мүмкіндігімен байланысты мәселелерді реттеуге бағытталған.

Оны қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және құқықтық нәтижелерге әкелмейді.  

Заң жобасы бойынша жұмыс тобының отырысы өткізілген болатын. Заң жобасын қарау кезінде туындаған барлық сұрақтарға жауаптар толығымен алынды.

Баяндалғанның негізінде, Заң жобасын қолдап, Бас комитетке оң қорытынды жолдауды ұсынамын. Қолдауларыңызды өтінемін!

Назарларыңызға рахмет!     

Бөлісу