Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) және «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы бойынша Комитет отырысында қосымша баяндама жасады

20.10.2020 0

«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) және «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасыбойынша Сенат депутаты Ә.Құртаевтың Комитет отырысындағы қосымша баяндамасы

20.10.2020 жыл

 

 

Құрметті Дәурен Зекенұлы!

Құрметті әріптестер мен отырысқа қатысушылар!

«Қазақстан-2050» Стратегиялық даму жоспарында ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы салық саясатын жетілдіру бағыттарын нақты айқындап, «Бизнес деңгейіндегі болашақ салық саясаты ішкі өсімді ынталандыруы және сыртқы нарықтарға отандық экспортты, ал азаматтар деңгейінде олардың қорларын, жинақтарын және салымдарын ынталандыруға тиіс» деп атап өткен болатын.

Салық жүйесі әлеуметтік-экономикалық дамуды, инвестициялық стратегияны, сыртқы экономикалық қызметті, өндірістегі құрылымдық өзгерістерді және басым салаларды жедел дамытуды мемлекеттік реттеудің белсенді тетігі болып табылады.

Сондықтан тиімді салық жүйесін жетілдіру және оның жұмыс істеуі мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық саясатының маңызды проблемасы болып табылады.

Заң жобасы салық салудың өзекті міндеттерін шешу мақсатында әзірленді.

Қаралып отырған заң жобасымен бір қатар түзетулер енгізу көзделген, атап айтар болсақ,  жеке тұлғаларға салық салуды жақсарту, кірістерге салық салуды нақтылау, инвестицияларды ынталандыру, отандық өндірушілердің бәсекеге қабілеттілігін күшейту, көлеңкелі экономиканы төмендету,  салық міндеттемесін орындауды оңайлату, тексерулерді және дауларды қарауды жетілдіру, бақылау-касса машиналарын және POS-терминалдарды қолдану сияқты.

Бұдан басқа нақтылаушы және редакциялық сипаттағы түзетулер енгізілетін болады.

Баяндамашы Заң жобасы бойынша жан-жақты баяндап,  бағыттарымен ерекшеліктерін атап өтті. Қайталанудың қажеті жоқ деп ойлаймын.

Заң жобасы бойынша жұмыс тобының отырысы өткізілді.

Заң жобасын қарау барысында туындаған ескертпелер мен ұсыныстар салыстырмалы кестеге енгізілді.

Осыған байланысты, салыстырмалы кестені қарауға көшуді ұсынамын.

Сіздер ұсынысты қолдаған жағдайда, салыстырмалы кестедегі  ескертпелер мен ұсыныстар Бас 
Бөлісу