Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

Жамбылдықтардың жарқын жобасы

20.10.2019 0

Қазақтың жаны, нәр алатын рухани түп-тамыры – ауыл. Елін сүйетін әр азаматтың кіндігі – қасиетті ата-баба мекеніне байлаулы. Сондықтан да мемлекеттің дамуында ауылдың орны мен қосар үлесі ерекше.

Қазақстан – әлемдегі жер көлемі кең мемлекеттердің бірі. Еліміздің әрбір тұрғынының үле­сіне тиетін ауылшаруашылық жер көлемі 12,3 гектардан асады. Бұл – Отанымыздың азық-түлік қауіпсіздігін толық қамтамасыз етуге жол ашатын ең басты мүм­кіндік.

Елімізде осы мүмкіндіктерді пайда­лану мақсатында тәуел­сіз­дік жылдарында тоғыз мемлекет­тік бағдарламалық құжат әзір­ленді, олардың негізінде АӨК сала­сындағы мемлекеттік саясат іске асырыла отырып, бірқатар оң нәтижеге қол жеткізілді, десекте республикада кейбір ба­сым­дықтарға ие индикаторлар оры­ндалмай келді.

Бұл орайда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арналған «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» ат­ты Жолдауында «Ауыл шаруашы­лығы – біздің негізгі ресурсымыз, бірақ оның әлеуеті толық пайдаланылмай отыр» деген болатын.

Қазақстан Республикасының агро­өнеркәсіптік кешенін дамы­тудың 2017-2021 жылдарға ар­налған мемелекеттік бағдар­ла­­масын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарындағы мақ­сат­тар, міндеттер мен нәтижелер көрсеткіштерін терең зерделеп қарағанда, уақыттың зымырап өтіп жатқанын, жүзеге асыратын істерді тездетудің қажеттігін ойлап, еріксіз беймаза күйге енетініміз де рас.

Осы жылдың тамыз айында Сенаттағы әріптесім М.Жолдас­баев­пен бірге Жамбыл өңірінде халықпен кездесу барысында облыс әкімінің қабылдауында болдық. А.Мырзахметов жалпы аймақтың тыныс-тіршілігіне қысқаша тоқтала келіп, бүгінгі таңда Жамбыл облысында тұр­ғын­дардың тұрмысын жақ­сарту мақсатында, бірқатар бас­тама қолға алынып, қазір­гі кезде аталған бағытта ауқым­ды, қанатқақты жобаларды жүзеге асыруға дайындық жұмыс­тарының жүріп жатқандығы ту­ралы өз ойымен бөлісті. Осы орайда өңір басшысы өзінің жетек­шілігімен жұмыс тобы өңірдегі барлық аудандар мен ауылды елді мекендерге арнайы барып, 138 мың аула толық зер­деленгенін және аталған 5 бағыт бойынша жалпы құны 46,4 млрд теңге болатын 31 мыңнан астам жобаны іске асыру мүмкіндігі анықталғанын, нәтижесінде 131 мың отбасы немесе 600 мыңнан астам адам айына орташа есеппен 128 мың теңге көлемінде тұрақты табыспен қамтылып, 68 мың тұрғын өзін өзі жұмыспен қамтығандар мен жұмыссыздар жеке кәсіпкер санатына айналатынын атап өтті.

Жобаның толық нұсқасын қолма-қол бізге ұсына отырып, мұқият зейін салып танысып, заңнамада белгіленген тәртіппен «Қазақстан Республикасының Парламентi және оның депутат­та­рының мәртебесi туралы» Конс­титуциялық заңның шеңберінде қол­дау көрсетуімізді сұрады. Кез­десуден кейін менің арман-қиял кеңістігімде ауыл тұрмысы, ауылшаруашылық саласындағы жақсылықты нышанның үміт сәулесі көрінгендей болды.

Аталған жоба бойынша тұр­ғын­дардың ұсыныстарын ескере отырып, халықтың тұрмысын жақ­сар­туға бағытталған 5 ба­ғыт қарастырылған. Жоба үй іргесіндегі жерлерді тиімді пай­да­лану, үй ауласындағы мал мен құстың өнімділігін арттыру, ауыл сыртындағы пайлық үлес жерлерді ұтымды пайдала­ну, сол арқылы жем-шөп, жа­йылым мəселесін шешу, қо­салқы шаруашылықтардың тиім­ділігіне қолбайлау болып отырған мəселелерді коопера­тивтер арқылы шешу жəне ауыл­дағы шағын жобаларды қар­жыландыру бағыттары өңір тұр­ғындарының тұрмыс сапасын арт­тыруға бағытталған.

Облыс әкімдігінің болжамдарына сәйкес аталған шараларды қабылдау, жоғарыда атап өткендей 131 мың отбасыны ай сайын 128 мың теңге көлемінде тұрақты қосымша табыспен қам­тамасыз етуге мүмкіндік береді. Бұл қазіргі табыс деңгейінен 4 есе артық. Жалпы ауыл шаруа­шылығы өнімі 34%-ға артады. Ет пен сүт өңдейтін кәсіпорындар жүк­темесі 30%-ға ұлғаяды.

Жобаның ауқымдылығы мен қаржыландырылу мәселелерін ескере отырып, биыл (бірінші ке­зеңде) облыстағы әрбір ауданның бір ауылдық округінде іске асыру ұсынылып отыр. Нәтижесінде 10 ауылдық округ пен 23 елді ме­кен қамтылатын болады. Ол үшін 7,2 млрд теңге көлемінде қара­жат қажет. Жобаны іске асырудың екінші кезеңі 2020-2021 жылдарға жоспарланған.

2019 жылдың 17 қыркүйегінде Премьер-Министр Асқар Мамин­нің төрағалығымен өткен Үкі­мет отырысында Жамбыл облысы­ның әкімі Асқар Мыр­захметовтің «Жамбыл облысы тұр­ғындарының тұрмыстық т­абысын жақсарту жобасы» ма­құлданды. Осы жылдың 1 қазанында 2019 жылға арналған республикалық бюджетті нақ­тылауға арналған Үкімет отырысында, аталмыш жобаның бірінші кезеңін іске асыруға 7,2 млрд теңге бөлу жоспарланды. Алдағы уақытта Қазақстан Рес­публикасы Парламентінің Мәжілісі және Сенат депутаттары да қанатқақты жобаға қолдау көрсетеді деп ойлаймыз. Бүгінде, облыс әкімдігінің мәліметінше, әуелі жобаның жемістілігіне көз жеткізу үшін әрі жұмыстың үлгі-бастауы ретінде облыстың таңдап алынған 10 ауылдық округінде жобаны іске асыру мақ­сатында, жергілікті бюджет есебінен пәрменді жұмыстар қызу басталып кетті. Бұл жоспарлы жұмыстың алғашқы кезеңі болмақ.

Әрине мәселе өте өзекті әрі ауқымды. Бұл жөнінде әр­түр­лі ой-пікірлер болуы мүм­кін. Мемлекет басшысының биыл­ғы Жолдауында «Аталған дәлел­демелерді жинақтау міндеті жеке азаматқа немесе бизнеске емес, мемлекеттік органға жүктелетін болады» деп атап өткендей, оны жүзеге асыру барлық атқарушы орган қызметкерлеріне, ауыл­шаруашылық тауар өнді­ру­шілеріне үлкен жауапкершілік жүктейді. Қоғамдағы болып жат­қан игі бастамаға ауыл тұр­ғындарын жұмылдыру үшін, кең қанатты түсіндірме, үгіт-насихат жұмыстары жоспарлы түрде жүргізілуі тиіс. Сондай-ақ осы жобаны халыққа дұрыс тү­сіндіріп насихаттай білсек және ауылшаруашылық саласын дамытуға барлығымыз атсалысып күш жұмсасақ, онда бұл жоба, биік мінбелерден айтылып жүрген, кейінгі кезде санаға сіңген патерналистік пиғыл мен масылдықтан арылуға мүмкіндік береді. Атап айтқанда, ең алдымен  ауыл тұрғындарына тұрақты жұмыс береді, жұмыссыздықты азайтады, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді тиімді пайдалану мүмкіндігі артады.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Назарбаевтың және Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың тұрғын­дардың өмір сүру сапасын арттыру бойынша берген тапсырмаларын орындау мақсатында Жамбыл облысының әкімі Асқар Мырзахметовтің «Жамбыл облы­сы тұрғындарының тұрмыс­тық табысын жақсарту жобасы» өте маңызды, үлкен сая­си әлеуметтік әлеуетке ие, уа­қ­тылы әрі қажетті жоба. Соны­мен қатар бұл жоба жеке қосалқы шаруашылықтарды қолдауға және ауыл шаруашылығы кооперациясын дамытуға негіз­делген. Оның іске асырылуы ауыл тұрғындарының өмір сү­ру сапасын арттыруға және жер телімдерін пайдалану мен мал шаруашылығын дамыту бо­йынша жаңа мүмкіндіктер бе­реді. Сондай-ақ қажет болған жағ­дайда заңнамалық сипаты бар қосымша шаралар қабылдау қажет деп ойлаймыз.

Қорытындылай айтқанда, кіндік қаны ауылда тамған, осы салаға маманданған, өмір жолын имандылық, ізгілікпен өрімдеген Асқар Исабекұлының қазақ ауылын көтеруге деген құштарлығы тәнті етті. Өзінің өмірлік іс-тәжі­рибесі мен білімін алға тарта оты­рып, қанатқақты жобаның тиім­ділігі өте жоғары болатыны­на сеніммен қарайтындығы да қат­ты қуантады.

Алдағы уақытта бір облыс­тан бастау алған қанатқақты жобаның қайтарымы мен нәти­жесі көрінгеннен кейін осы мақ­сат­ты жұмыстар кең ауқымда жал­ғасын табады деп ойлаймын.

 Абдалы Нұралиев,

Парламент Сенатының депутаты, техника ғылымдарының кандидаты

Бөлісу