Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Өмірбаяны

Перепечина
Ольга
Валентиновна

Солтүстік Қазақстан облысынан сайланған.

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Төрағасының Орынбасары.

1967 жылы 23 тамызда тұған, орыс, білімі жоғары. Қорған ауылшаруашылық институтын бітірген. Мамандығы – экономист.

Еңбек қызметі:

1989-1992 жылдары-Солтүстік Қазақстан облысы Бескөл ауданы Новокаменка ауылында "Новокаменский" совхозының экономисі.

1992-1996 жылдары-агрофирманың бас экономисі.

1996-2002 жылдары-Қызылжар аудандық қаржы басқармасының бастығы.

2002-2011 жылдары-Солтүстік Қазақстан облысы қаржы басқармасының бастығы.

2011-2014 жылдары-Солтүстік Қазақстан облысының статистика департаменті директорінің орынбасары, директор, болып қызметтерді атқарған.

2014 жылғы 17 қазаннан қазіргі уақытқа дейін — Солтүстік Қазақстан облысынан VI шақырылған Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты.

2014 жылғы 17 қазаннан бастап  - 2022 жылғы 26 қаңтарға дейін - Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі, 2017 жылғы қыркүйектен бастап - Қаржы және бюджет комитетінің төрағасы. Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидат Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың сенімді өкілі (2019 ж.).

"Аманат" партиясының мүшесі.

2022 жылғы 27 қаңтардан бастап - Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Төрағасының орынбасары.

Марапаттар мен атақтар:

«Құрмет» Ордені (2016 жылғы 14 желтоқсан);

«Парасат» Ордені (2022)

«Достастық» Ордені (2017);

«Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл» медалі (2001);

«Қазақстан Республикасының Конституциясына 10 жыл» медалі (2005 ж.);

«Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» медалі (2011 ж.);

«Қазақстан халқы Ассамблеясына 20 жыл» медалі;

«Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» медалі (2016);

«Астанаға 20 жыл» медалі;

Қазақстан Республикасы Президентінің Құрмет грамотасы;

«Қазақстан Республикасының Қаржы қызметінің үздігі» бельгісі;

«Қазақстан Республикасының Статистика үздігі»

Солтүстік Қазақстан облысы Қаржы департаментінің Құрмет грамотасы (2003);

"Парламенттік ынтымақтастықты нығайтқаны үшін" медалі (ТМД — ға қатысушы мемлекеттердің Парламентаралық Ассамблеясы, 2017);

ТМД — ға қатысушы мемлекеттер Парламентаралық Ассамблеясының Құрмет грамотасы (2015).