Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

Парламент Сенатының депутаттары Михаил Бортник пен Бақтыбай Шелпеков аймақтарға жұмыс сапары аясында Маңғыстау облысының Түпқараған ауданында болды.

08.01.2020 0

Парламент Сенатының депутаттары Михаил Бортник пен Бақтыбай Шелпеков аймақтарға жұмыс сапары аясында Маңғыстау облысының Түпқараған ауданында болды.

Сенаторлар аудан активімен және мәслихат депутаттарымен кездесу барысында Сенаттың заң шығару қызметі туралы хабардар етіп, «Nur Otan» партиясының XVIII съезіндегі Елбасының тапсырмаларына сәйкес әзірленген «Ауыл – ел бесігі» жобасын іске асыру жайын талқылады. 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап халық саны 2 мың және одан аз ауылдық округтерде жергілікті өзін-өзі басқарудың дербес бюджетін енгізу және даму әлеуеті бар тірек ауылдық елді мекендердің тізіміне Түпқараған ауданының ауылдары мен кенттерін енгізу мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Сенаторлар сондай-ақ Форт-Шевченко қаласындағы Е.Өмірбаев атындағы орта мектепте болды. Педагогикалық ұжыммен жүздесу барысында депутаттар «Педагог мәртебесі туралы» заңының негізгі ережелері мен және мұғалімдерді қолдау жөнінде мемлекет тарапынан қабылданып жатқан шараларды түсіндірді. Кездесуге қатысушылар жалақыны көтеру, жас мамандарға тұрғын үй бөлу, мектепке дейінгі ұйымдарда педагогтардың балаларына бірінші кезекте орын беру мәселелерін көтерді.

М.Бортник пен Б.Шелпеков Түпқараған аудандық ауруханасының ұжымымен кездесіп, Денсаулық сақтау саласын дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының негізгі ережелерін және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу мәселелерін талқылады. Медицина қызметкерлері көтерген негізгі проблемалар тұрғын үй мәселелеріне, ауылдық елді мекендерде кадрлардың тапшылығына, еңбек ақы төлеуді ұлғайтуға қатысты болды.

Бөлісу