Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

2020 жылғы 9 сәуір . Сенаттың жалпы отырысы. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс - қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы бойынша қосымша баяндамасы

09.04.2020 0

 

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»

Заң жобасына баяндама

 

Құрметті Дариға Нұрсұлтанқызы! Құрметті әріптестер!

 

           Бүгінгі таңда, қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл, барлық елдердің алдына қойылатын үлкен жауапкершілік.

Осы бағытта, Қазақстанда қолданыстағы заңдарға, Халықаралық стандарттарға сәйкес келтіру  мақсатында  2015 жылы  біраз өзгерістер енгізілген болатын.

Алайда, 2021-2022 жылдарға жоспарланған Еуразиялық топтың тәуелсіз эксперттерінің,  елдегі заңның терроризмге қарсы ахуалын бағалау алдында,  тағы да біраз ауқымды ұйымдастыру шараларын анықтаудың  қажеттілігі туындады.

Сол себептен, арнайы әзірленген алдарыңыздағы Заң жобасының  негізгі  мақсаттарының бірі, Еуразиялық топтың өзара бағалауының екінші кезеңінің қарсаңында  талапты  өзгерістерді  енгізу болып табылады.

Сонымен қатар, қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға және Ақшаны жылыстатуға қарсы күрестің қаржылық шараларын әзірлейтін  (ФАТФ) халықаралық   ұйымының стандарттарымен сәйкескестендіру  көзделген.

Заң жобасында,  уәкілетті органға реттеуші тетігі жоқ қаржы мониторингі субъектілеріне қатысты хаттама толтыру функциясын беру және тәркілінген мүлік қорын құру мәселесі  қаралған

Сондай-ақ, коммерциялық емес ұйымдарды терроризмді қаржыландыру мақсатында пайдаланудан қорғау, еліміздің аумағында жұмыс істейтін, бірақ шет мемлекетінде тіркелген және ұлттық заңнамаға сәйкес,  бақылау мен қадағалауға жатпайтын төлем жүйелерінің шетелдік провайдерінен ақпарат сұрату  сияқты негізгі міндеттер  айқындалған.

Бұдан басқа,  қадағалау органдарының, уәкілетті органның, сондай-ақ құқық қорғау мен арнаулы органдардың, оның ішінде қылмыстық активтерді іздестіру және қайтару мақсатында халықаралық рәсімдерін реттеу, ведомствоаралық өзара іс-қимыл және үйлестіру тетіктерін күшейту арқылы жаңа міндеттерді енгізу анықталған.

Біріккен Ұлттар Ұйымы Кеңесінің жаппай қырып-жою қаруын тарату мен оны қаржыландырудың алдын алу, оған тосқауыл қою және тоқтату барысында анықталған тұлғаларға қатысты қылмыстық операцияларды жүргізу, негіздері кеңейтілген.

Жалпы айтқанда, заң жобасы ақшаны жылыстыруға қарсы күрестің  қаржылық шараларын әзірлейтін халықаралық ФАТФ тобының талаптарын іске асыру арқылы, әлемдегі алдыңғы қатардағы елдерге, Қазақстанның заң жүзінде терроризмді қаржыландыруды қолдамайтындығын және                                болдырмауға бағытталған барлық стандарттарды сақтайтындығының  айқын дәлелі.

Заң жобасы бірнеше жұмыс тобының және комитеттің кеңейтілген отырыстарында қаралып, жан-жақты талқыланды. Сенаттың тұрақты комитеттерінің заң жобасының тұжырымдамасы бойынша ескертулері мен ұсыныстары түскен жоқ.

Құрметті әріптестер! Қаржы және бюджет комитеті «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын бірінші оқылымда мақұлдауды ұсынады.

 

Назарларыңызға рахмет!

 https://www.youtube.com/watch?v

 

 

 

Бөлісу