Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

«Қазақстан Республикасы мен Еуропа Keңeci арасындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мемлекеттер тобы өкілдерінің және бағалаушы топтар мүшелерінің артықшылықтары мен иммунитеттеріне қатысты келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы

18.12.2019 0

Қазақстан, 2009 жылы Еуропа Кеңесінің (ГРЕКО) сыбайлас жемқорлыққа қарсы мемлекеттер тобына қосылу мәселесін көтерді.

Келісудің ұзақ мемлекетішілік рәсімдеріне байланысты бұл мәселе ұзаққа созылған сипатқа ие болды (Еуропа Кеңесінің ГРЕКО-ге қосылу туралы шақыруы 2013 жылдың желтоқсанында келіп түсті).

Анықтамаүшін: Қазақстанның Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы конвенцияларға, оның ішінде ГРЕКО-ға қосылу мәселесі әр түрлі құжаттарда көрсетілген («Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі 2006-2010 жылдарға арналған мемлекеттік күрес бағдарламасы» ҚР Президентінің 2005 жылғы 23 желтоқсандағы № 1686 Жарлығы, «Нұр Отан» партиясының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламасы).

ГРЕКО-ге қосылудың орындылығы туралы көптеген талқылаулардан кейін бұл мәселе оң шешімін тапты (2016 жылғы
20 желтоқсандағы Президент
көмекшісі-Қауіпсіздік Кеңесі хатшысының  хаты, Президент Әкімшілігі Басшысының 2016 жылғы 23 желтоқсандағы № 1082-20 қарары).

Агенттікке «Сыбайлас жемқорлық үшін азаматтық-құқықтық жауапкершілік туралы» Конвенцияны одан әрі ратификацияламай, Қазақстанның ГРЕКО-ға қосылуын мемлекетішілік келісу рәсімін өткізу тапсырылды.

Агенттік пен Сыртқы істер министрлігінің пікірінше,
ГРЕКО - ға мүше болу (АҚШ, Ұлыбритания, Германия, Франция, Норвегия, Швеция, Әзірбайжан, Ресей, Украина, Грузия, Молдова, Беларусь және т. б.
– жалпы алғанда 49 мемлекет кіреді) Қазақстанның еуропа елдерімен  халықаралық ынтымақтастыққа сындарлы бейілділігін көрсетеді және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды жетілдіеді, сондай-ақ, Сыбайлас жемқорлық үшін қылмыстық жауапкершілік туралы Еуропа Кеңесінің конвенциясына одан әрі қосылуға мүмкіндік береді.

Мүдделі мемлекеттік органдармен, оның ішінде Президент Әкімшілігімен келісілгеннен кейін Жарлық жобасына ағымдағы жылдың 27 тамызында Мемлекет басшысы қол қойды.

Қазақстанның ГРЕКО-ге қосылу шарттары:

- ГРЕКО және бағалау топтары мүшелерінің иммунитеттері мен артықшылықтары туралы келісімге қол қою (жоғарыда аталған Жарлықтың жобасында көзделген);

- Еуропа Кеңесінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестінің 20 қағидасын сақтау;

- Қазақстанның ГРЕКО-ға қосылуы туралы нотаны Еуропа Кеңесінің Хатшылығына жіберу.

Қазақстанның бастамаға қатысу жөніндегі одан арғы қадамдары – бұл ең алдымен қол қойылған Келісімді ратификациялау, оған сәйкес ГРЕКО өкілдері мен бағалау топтары мүшелерінің жеке тұтқындаудан, багажды ұстаудан және тәркілеуден, ауызша және жазбаша мәлімдемелер үшін қудалаудан иммунитеттері көзделген.

Бұдан әрі, 2020 жылдың наурыз айында ГРЕКО-ның толық құқықты мүшесі ретінде Қазақстанның алғашқы кездесуі өтеді, онда, қалған мүшелермен қоса  біз отырыс жұмысына қатысып, түсініктеме беруіміз керек

Осы отырыстарда елдің белсенді қызметі  басқа қатысушы мемлекеттерге сыбайлас жемқорлықты жоюда біздің ұстанымымызды көрсетеді. Осылайша, мұның бәрі қылмыстық жауапкершілік туралы Еуропа Кеңесі Конвенциясын ратификациялауды жеңілдетуге ықпал етеді.

Атап айтқанда, ГРЕКО-ға қосылу Еуропа Кеңесінің басқа конвенцияларын ратификациялауға мүмкіндік береді.

Болашақта бұл құқықтық көмек көрсету, қылмыскерлерді экстрадициялау және олар заңсыз тапқан мүлікті қайтару мәселелері бойынша Еуропа елдерімен ынтымақтастықты нығайтуға мүмкіндік береді және Қазақстанның құқық қорғау органдары қызметкерлерінің Еуропа мемлекеттерінің аумағында халықаралық тергеу тапсырмалары бойынша жүргізіліп жатқан жедел-іздестіру іс-шараларына қатысуы жөнінде негіз болады.

Бұл ретте, бір жарым жыл ішінде Қазақстанға қатысты бағалау жүргізілмейді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың базалық негіздерін, институционалдық ортаны, заңнаманы және т.б. жалпы талдауға бағытталған алғашқы екі раунт 2021 жылы өтеді.

Мониторингтің үшінші және кейінгі раундтары сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, партияларды қаржыландыру, парламенттік, сот жүйесінің, прокуратура органдарының және т. б. бағыттары бойынша жүргізіледі.

ГРЕКО жұмысының тәртібі мониторингтік қызметтің
70% және әр түрлі формадағы 30% ынтымақтастық қатынасында құрылады (практикамен алмасу, нақты практикалық тақырыптарды талқылау, презентациялар, салыстырмалы талдау және т.б.).

ГРЕКО тарапынан мониторинг процедуралары аяқталғаннан кейін Агенттік  басқа мемлекеттік органдармен бірлесіп, халықаралық конвенцияларды ескере отырып, Еуропа елдерінің тәжірибесіне негізделген сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы жетілдіру жөніндегі ұсынымдарды, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі 20 басшылыққа алынатын қағидаттарды іске асыруға күш жұмсайды.

Анықтама үшін: 1997 жылы қабылданған сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі 20 қағида ГРЕКО-ға қатысушыларының ұмтылуы тиіс іс-қимылдар тізбесін білдіреді.

Мұндай рәсімдер халықаралық алаңда стандартты болып табылады. ГРЕКО атынан басқа елдердің бағалау үдерісіне тартылатын қазақстандық сарапшылар осындай иммунитетке ие болады.

Олардың имплементациясына елге 18 ай беріледі. Ұсынымдар орындалмаған жағдайда қосымша 6 ай беріледі. Содан кейін ұсынымдарды имплементациялауды бағалаудың кезекті раунды аяқталады.

Ұсынымдарды орындамағаны үшін қандай да бір санкциялар көзделмеген. ГРЕКО сарапшыларының елге ықпал етуінің жалғыз ғана құралы Сыртқы істер министріне немесе Премьер-Министрге хат жіберу болып табылады.

Осы тұрғыда осындай хаттарды жіберу нәтижесі ретінде Қазақстанның инвестициялық ахуалына кері әсерін күтуге болады.

ГРЕКО ұсынымдарын іске асырудың тағы бір құралы бастама мүшелерінің отырыстарына, семинарларына қатысу болып табылады. Осыған орай, Қазақстаннан бір тұрақты өкілді мен 5 сарапшыны анықтау қажет. Бір адамға ГРЕКО-ның іссапар шығындарын төлеу опциясы қарастырылған.
Бөлісу