Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

Мәні – зор, тағылымы – мол

02.03.2020 0

Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында мəн-маңызы қай кезде де құнын жоғалтпайтын мынадай сөздер бар: «Жаңа тұрпатты жаңғырудың ең басты шарты – сол ұлттық кодыңды сақтай білу. Онсыз жаңғыру дегеніңіздің құр жаңғырыққа айналуы оп-оңай... Жаңғыру атаулы бұрынғыдай тарихи тəжірибе мен ұлттық дəстүрлерге шекеден қарамауға тиіс. Керісінше, замана сынынан сүрінбей өткен озық дəстүрлерді табысты жаңғырудың маңызды алғы шарттарына айналдыра білу қажет. Егер жаңғыру елдің ұлттықрухани тамырынан нəр ала алмаса, ол адасуға бастайды». Ұлттық код деген не? Меніңше, бұл – халықтың жады. Жақсы мен жаманды таразы басына тартатын, ұлт үшін еңбек ет кендерді ескеретін, ел үшін ер лікке барғандарды өмірбақи ес кірмейтін ЗЕРДЕ кітабына жа зып қоятын да сол жады. Осы тұрғыдан алсақ, ұлттық сана аясында «сүрлеп қоюға» болмайтын дүниелер баршылық. Қазақтың ұлттық дүниетанымы төл табиғатпен етене байланысты. Қазақша-арабша ай атаулары мынандай: Наурыз – Хамал; Көкек – Сəуір; Мамыр – Зауза; Маусым – Саратан; Шілде – Əсет; Тамыз – Сүмбіле; Қыркүйек – Мизам; Қазан – Ақырап; Қараша – Қауыс; Желтоқсан – Жəди; Қаңтар – Дəлу; Ақпан – Құт. Қазіргі қолданыстағы ай аттарын замандастарымыз шатастырмайтыны анық. Алайда көнекөз қарияларымыз осы он екі айды ескіше жіліктеп отыратын еді. Енді соның бəрі ұмыт болып барады. Өзгеріс үшін өзгеру де керек. Заман ағымына икемделу – көптің ісі. Жаңа дəуірдің жағымды жақтарын бойға сіңіру өздігінен бола салмайды. Бұрын Ұлыстың ұлы күні қыстан аман шыққан көшпелі елдің ат шаптырып, аударыспақ ойнап, жамбы атып, балуан күрестіріп, ұлан-асыр той жасап қарсы алатын тойы еді. Ел тəуелсіздігімен бірге Наурызды тойлаудың да өзіндік дəстүрі қалыптасты. Жаңару, ынтымақтастық пен жылулықтың мерекесі атанған Наурызды еліміздің батыс аймағы Амал – Көрісу күні ретінде атап өтеді. Көктем мен бірге көңілдің сызын кетіру деген де бір ғажап құбы лыс. Рен жіскен ағайын табы сып, ба рлық жамандық атаулы ұмы - тыла тын, ел-жұрт болып жақсылыққа қарай мерей лене бет бұратын бұл күн нің шапағаты мол. Пайғам бары мыздың (с.ғ.с.) хадистерінде бір-біріне сəлем берген екі адамға да сауап жазы латыны, соның ішінде, бі рін ші сəлем берген адамға көбір ек сауап тиетіні айтылады. Инабат пен ізгілікке толы Көрі су күні ағайын арасындағы ескі өкпе-реніш кешіріліп, татуласып-табысады, араздық ұмытылады. Ағайын-туыс, құдажекжат, дос-құрбы сыйлы адамдарына шапан мен шек пен, көйлек-көншек, сырға, сақина дегендерді сыйға тартады. Жастар ақсақалдардың ақ батасын алуға асығады. Бата дегеннен шығады: батада – береке бар. Кезінде Шəкір Əбенов ақсақал Елбасына бата бер ген болатын. Ел аралаған сапарында əр өңірдің батагөй ақсақалы Мемлекет басшы сына оң болсын айтып, ақ тілеуге толы бата беретін. Осы ны мемлекеттік деңгейдегі үрдіске ай налдыр ған абзал. Осы арқы лы «біз елдің үлкені, елдің игі жақ сысы» деген кəделі жолды сақ т ап қаламыз, жастар ел аға лары ның айтқанына құлақ асатын болады. Амал күні ешкім ешкімге ренжімей, жайдары жүреді. Көріскен ағайын бір-бірінің отбасына, ағайын-туыстарына амандық-саулық, құт-береке тілейді. Қарызы бар кісі осы күнге дейін борышынан құтылуға асығады. Қазақстанның батыс облыстарын дағы жұрт бұл мерекені «Көрісу» немесе «Амал» мерекесі деп атайды. Маңғыстаулықтар Амал мерекесін Отпан тауында тойлайды. Негізгі шара «Отпан тау» тарихи-мəдени кешенінде өтеді. Маңғыстаудың биік шоқысы Балтық теңізі деңгейінен 532 метр биіктікте орналасқан. Тау дың басында Адай батырға ар налған 37 метрлік ескерт кіш орнатылғанын білеміз. Көкке мойнын созған екі стеллада Адай атаның екі ұлы Құдайбеке мен Келімберді бейнелері бедерленген. Көк бөріні кие санаған елдің ежелгі аңызы бойынша, қасқыр – бүкіл түркі халқы үшін күш пен рух еркіндігінің символдық бейнесі. Бір кезде Отпан тауы жау шапқанда елге белгі беретін бекініс болған, яғни оның басында жанған от елге төнген қатер жайын ескертетін. Бүгінгі бейбіт заманда Отпан таудың басында Амал мерекесін тойлау кезінде ғана от тұтатылады... Таң атысымен «Көрісу» мерекесін асыға күткен əрбір отбасы дастарқанын қазақтың құрт, бауырсақ, ақ ірімшік, қызыл ірімшік, сары май, уыз сынды дəстүрлі тағамдарымен толтырып, наурыз көжесін дайындап, табалдырықтан аттаған əр кісіні жылы жүзбен қарсы алады. Көрісуге келген жандарға ерекше ілтипат көрсетіп, төрге шығарады, ақадал ас ұсынады. Дəл осы күні əр адам өзінен жасы үлкен кісілердің шаңырағына кіріп, амандасып, көріседі. Барған үйіне «Бір жасыңызбен!» деп еніп, жаңа жылға аман-есен аяқ басқан жора-жолдас, туған-туысқандарын құттықтайды. Бір-біріне деген өкпе-реніштері болса, кешіріседі, амандық-саулық тілеседі. Сондай-ақ əр отбасы өз көршілерімен көрі седі. Бұл күні əр адам міндетті түрде үш үйдің есігін ашуы керек, яғни түске дейін үш үйге кіріп, көрісіп үлгеруі тиіс. Бір ерекшелігі – «Көрісу» бір күнмен шектелетін мереке емес, ол наурыздың 14-інен басталып, айдың соңына дейін жалғаса береді. Айдың он төрті неге таңдалды екен? Біз «жыл» деп Жердің Күнді айналуын, «ай» деп Айдың Жерді айналуын, тəулік деп Жердің өз осін айналуын айтамыз. Жердің Күнді айналуы – 365 тəулік 5 сағат 54 минут болса, Айдың Жерді айналуы – 29 тəулік 11 сағат 49 минут, ал Жердің өз осін айналуы – 23 сағат 56 минут 4 секунд. Бұл цифрлардың астарында біз ойлағандай жылдың дəл 365 күн, айдың дəл 30 күн, тəуліктің дəл 24 сағаттан тұрмай тындығын ұғынуға болады. «Наурыз» неге «Амал» мере кесі деп аталған? Бұрын ғы қа риялар 22 наурызды «қызылбастың наурызы» дей ді екен (Қызылбас – Иран, бұрынғы Парсы елінің қазіргі атауы). Қазақ халқы наурыз демей – амал деген. Қазіргі күні 14 наурызда еліміздің батыс өңірі ғана ұлыс күнін кеңінен атап өтеді. Еліміздің өзге өңірінде бұл дəстүр ұмытылған. Əйтпесе, күллі қазақ күні кешеге дейін амал мерекесінде көрісу салтын жасап келген деген дерек бар. Шығыс елдерінің шəмси күнтізбесі бойынша, наурыздың басталуы хамал – амал айының 1 жұлдызы болып есеп теледі. «Хамал» – Тоқты шоқжұлдызының ескі парсыша атауы. Күн мен түн теңеліп, амал кірген сəтте Тоқты шоқжұлдызы туады. Сондықтан біздің қазақ бұл күнді «наурыз» демей «амал» деген. Бұл қазіргі күнтізбе бойынша 14 наурызға сəйкес келеді. «Көрісудің» екінші атауы «Амал» болуының сыры осында жатса керек. Ал «Көрісу» деп аталып кетуі осы «Амал» мерекесінде жасалатын басты салт – көптен көрмеген бірбіріне жақын адамдардың кездесіп, көрісуі, өкпе-ренішке бай ла нысты бет көріспей жүрген кісілердің кешірісіп, жүздесуінен туған салт. Маңғыстау, Атырау облыстарында тегіс, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарының кей бөлігінде аталып өтілетін бұл мерекені көршілес Ресейдің Астрахань, Саратов, Орынбор өл кесіндегі қазақтар да, Қарақал пақстанның қазақтар көп қоныстанған өңірлері де тойлайды. Бұл күнді оңтүстік өңірлерде «Самарқанның көк тасы еріген күн» дейді. Шығыста жəне Орта лық Қазақстанда мұны Ота малы дейді, Жетісуда Көкек дейді. Жалпы, қалың қазаққа ең көп тараған атауы – Отамалы. Ай мен Үркердiң қиылысып өтуiн көшпелi қазақ жұрты ежелден бері «тоғыс» деп атаған. Қазақ əдебиетінің классигі Мұхтар Мағауиннің шығармасында: «Шу бойындағы төpт халықтың тоғысында жеңiсiне жол ашқан» деген сөздер бар. Халық сенімінде тоғыс – наурыз айының 14-і мен 15-і күндерi келеді. Қазақтың ырымы бойынша, тоғыстың алдындағы қыста қойдың құмалағы қалың қарға батса, жақсылыққа жорып, ырысты жыл болады деп жорамалдайды екен. Мəшһүр Жүсіп Көпейұлы еңбегінде қазақта «сегіз күндік Наурызнама өтетіні» жазылған (ескіше 1-8 наурыз, қазіргі күнтіз беде 14-21 наурыз аралығы). Наурыз айындағы «Көрісу» рəсімі туралы тарихшы, этнолог Жамбыл Артықбаев былай дейді: «Көрісу» – қазақтың Наурыз мейрамының негізгі салтының бірі. Совет заманында əбден ұмытылып барып, жаңа жанданып жатыр. Қазаққа қыс мезгілі қашанда ауыр бол ған, тіпті ертеде түгелге жуық Сырдың бойынан бастап Жиделі Байсынға дейінгі аймақта қыстап отырғанда да қиналса керек. Себебі қыс қытымыр болып жатса мал ашығады, кейде көктемге қарай жаңбыр ерте жауып, не қар еріп барып қайта қатып жұт басталып кетеді... Осындай қиындықтардан шыққаннан кейін Наурызды қазақ қуанып қарсы алмағанда кім қарсы алады? Наурызға қазақ қуанбағанда кім қуанады? Көрісу де осыған байланысты шыққан. Қыс бойы бір-бірінің өлі-тірісін біле алмай сағынған елдің жасайтын жоралғысы. Бір-бірін құшақтап, кейде өлгендерін жоқтап, кейде тірі қалғанына шүкірлік айтып көріседі. Қазақтың əңгімелері Наурызды Нұқ пайғамбардың заманымен байланыстырады. Жер бетін топан су басқан оқиға оқырманның бəріне де белгілі. Нұқтың жанында Құдайға сенген сексен адам бар, үш ұл, үш келіні бар алты ай он күн су бетінде қалқып жүріп, өлдік-талдық дегенде Қазы ғұрт тауының ұшар басына тоқтапты дейді. Біреуі ата-ана сынан, біреуі баласынан айырылған, уайым-қайғы басқан ел осы жерде жан шақырыпты. Мəшһүр Жүсіп Көпейұлы Нұқтың əңгімесін баяндай келе «Кеменің Қазығұрттың басына тоқтаған күні қасиетті Мұхарам айының оны екен, жұлдыз есебімен санағанда күннің Хамалдың бірінші уəжі біне кірген күні» дейді. Араб тың календары ай есебіне негіз делгеннен кейін ылғи да өзгеріп отырады, дегенмен Мұхарам айы оларда қасиетті ай, жылдың басы деп құрметке ие, ал жұл дыз есебімен санасақ Хамал қазіргі уақытта Тоқты атала ды жəне мартқа сəйкеседі. Осы себепті қазақ жерінің батыс аймақ тарында Наурызды «Амал мерекесі» деп те атайды, «Амал» дегені «Хамалдан» шығады». Қазақ халқының өзіне тəн салт-дəстүрлері жеткілікті. Бірақ біз сол салт-дəстүрді қанша лық ты сақтап жүрміз? Мысалы, «Сəукеле кигізу» деген салт бар еді. Кенесары хан ның ағасы Саржан төре Кіші жүздегі Байсақал байдың қызы ның сəукел есін бес жүз байталға бағалаған. Ұлт жанашыры Өзбекəлі Жəнібеков өз қолымен сəукеле тіккен. «Ат тергеу» деген жақсы дəстүр бар еді. Ұлттық болмыс бойынша əйелдер атасына, қайнағасына, қайнысына, қайын сіңлісіне атын атамау үшін қосымша ат қояды. Жеңгелеріміз атымызды атамай, өзіне ұнайтын ат қоятын. Адамды сыйлаудың бір үлгісі. Қазір осы жоғалды. Бадырайтып атын атау үрдіске енді. «Араша түсу» – дауласқан, жанжалдасқан адамдарға басу айтып ажырату, сабасына түсіру. Бұрындары мұндай жанжалда ауылдың, елдің абыройлы абызы «Араша! Араша!» деп айқайлап, от шыққалы тұрған ортаға барып, ағайынға араша түскен. Қазір ағайынға араша түсер адамды таппайсыз... Қалың мал, Құйрық бауыр асату, Киіт кигізу деген салтдəстүр ғана сақталып, көбісі ұмытылды. Күйеуге қатысты ұрын келу, есік ашар, ентікпе, балдыз көрімдік, күйеу табақ, сүт ақы, жігіт түйе, атбайлар, босаға аттар, сəукеле, байғазы, жеңгетай, шымылдық байлар, отау жабар, кереге көтерер, уық шаншар, түндік жабар, үзік жабар, туырлық жабар, мойын тастау, ілу, қыз қашар, шашу, қыз көтерер, арқа жатар, қалыңдық ойнау, қол ұстатар, шаш сипатар, көрпе қимылдатар, ит ырылдатар, «кемпір өлді», ба қан салар, күйеу аттандырар деген салт-дəстүр тек кітапта қалды. «Құдалық белгісі – киіт, қоныс белгісі – бейіт», «Қалыңсыз қыз болса да, кəдесіз қыз болмайды» деген сөздер арагідік айтылатын болды. Тіпті есік-төр көрсету деген дəстүр мүл дем бұзылды. Қазір қыз берген жақ құда шақырылмайақ құдаларын төрге шығаратын болды... Құдалық кафеде өтетін болды... Құдасының үйін көрмегендер де жүр... «Салт-дəстүрін ел бұзбас, уəде – сертін ер бұзбас», «Алты жыл аш болсаң да, атаңның салтын ұмытпа», «Ант бұзған оңбайды, салт бұзған сорлайды», «Саналы ел салтын сақтар» депті қазақ. Ал біз бəрін бұзып жатырмыз... Салт-дəстүр – ұлт үшін өмір сүру заңы. Қазақ болудың бір жолы. Халық оны бұлжытпай орындайтын болған. Қазақтың салты мен дəстүрін құрметтемеген, сақтамаған адамдарға айыппұл салып, жазалапта отырған. Салт-дəстүр – мəдениет. Ұлт байлығы. Қазір біз тəуелсіз ел болдық. Бүкіл Қазақстан халқы қазақ мəдениеті шеңберінде өмір сүруі қажет. Сол үшін де өз құндылықтары мызды қадірлей білгеніміз жөн. Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйініне келсек, Самарқанның көк тасы еритін, Ұлыстың ұлы күні – Күн мен Түннің теңелетін наурыз айындағы бүкіл түркі жұртының ортақ мейрамы – Жыл басы, Жаңа жылымыз, ұлттық мерекеміз – Амал немесе Көрісу мерекесін жалпыұлттық жəне жалпықазақтық мейрам ретінде жаппай атап өтудің уақыты жеткендей!

Нұртөре ЖҮСІП, сенатор

Толығырақ https://pdf.egemen.kz/pdfs/2020/03/02.03.20.pdf

Бөлісу