Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Заң жобасы

21.04.2020 0

Бірінші. «Бейбіт жиналыс» ұғымының енгізілуіне байланысты 2 кодекс пен 8 заңға өзгерістер енгізу.

Екінші. Ұйымдастырушылардың, қатысушылардың заңнаманы бұзғаны үшін, сондай-ақ санкцияланбаған митингілерді ұйымдастырғаны және оларға қатысқаны үшін әкімшілік жауаптылығын күшейту.

1) қатысушылар үшін 20 АЕК-тен 40 АЕК-ке дейін айыппұл, 10 тәуліктен 15 тәулікке дейін қамаққа алу;

2) ұйымдастырушылар үшін 20 АЕК-тен 80 АЕК-ке дейін айыппұл, 10 тәуліктен 20 тәулікке дейін қамаққа алу;

3) жеке кәсіпкерлер үшін 120 АЕК айыппұл;

4) заңды тұлғалар үшін 160 АЕК айыппұл.

қайталағаны үшін:

1) жеке тұлғалар үшін 100 АЕК айыппұл немесе 30 тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алу;

2) жеке кәсіпкерлер үшін 200 АЕК айыппұл;

3) заңды тұлғалар үшін 300 АЕК айыппұл.

шетелдіктер үшін:

1) жеке тұлғалар үшін Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерге шығарып жібере отырып 80 АЕК айыппұл немесе әкімшілік жолмен шығарып жіберу 15 тәулікке дейін қамаққа алу;

2) заңды тұлғалар үшін қызметін 3 айға дейінгі мерзімге тоқтата тұрып немесе онсыз 500 АЕК айыппұл.

Бөлісу