Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

Конституциялық Кеңес мүшелерінің құзіреттілік мерзімдерін санау мәселесін анықтау бойынша Конституциялық Кеңес отырысы

04.02.2020 0

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Төрағасының «Конституцияның жетпіс бірінші бабы  үшінші тармағы  екінші абзацының нормасын ресми түсіндіру туралы» Конституциялық Кеңестің (2011 жылғы он 6 наурыздағы № 3) нормативтік қаулысын түсіндіру жөнінде өтінішхатында: «Кезекті алты жылдық цикл барысында лауазымға тағайындалатын Конституциялық Кеңес мүшесінің өкілеттік мерзімі қалай анықталады» деген сұрақ қойылады.

Бұл мәселе тек Парламент Мәжілісіне ғана емес, сонымен қатар Конституциялық Кеңес мүшелерін тағайындайтын  басқа субъектілерге де қатысты, яғни Қазақстан Республикасының Президенті мен Парламент Сенаты.

Өтінішхатта көтерілген мәселе өте өзекті. Өтінішхат Конституциялық Кеңестің бұрынғы мүшелерінің өкілеттіктері мерзімінен бұрын тоқтатылғаны үшін тағайындалған Конституциялық Кеңестің мүшелеріне қатысты.

Конституциялық Кеңестің жұмыс істеген жылдарынан бері (яғни жиырма төрт жыл бұрын – мың тоғыз жүз тоқсан алтыншы жылдан бастап) төрт адам Конституциялық Кеңестің мүшесі ретіндегі өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатқан. Олардың орнына басқа адамдар тағайындалған.

Сонымен қатар, «Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі туралы» Конституциялық заңының он бесінші бабы екінші тармағында  Конституциялық Кеңес Төрағасы мен мүшелерінің өкілеттіктерін тоқтату /негіздерінің кең тізімі берілген. «Қызметте болуының Конституцияда белгiленген мерзiмiнiң аяқталуынан» басқа тағы тоғыз негіз белгіленген. Сондықтан, болашақта қаралып отырған мәселе бойынша бірнеше тұлғаларға қатысты сұрақтар туындауы мүмкін.

Осыған орай, Өтінішхатта қойылған сұрақты толығымен қолдау дұрыс болады.

Парламент Мәжілісі Төрағасының өтінішхатында көтерілген сұраққа жауап беру үшін Қазақстан Республикасы Конституциясының жетпіс бірінші бабы / үшінші тармағы / екінші абзацының нормасын түсіндіруге арналған / екі мың он бірінші жылғы он алтыншы наурыздағы нормативтік қаулысымен бірге Конституцияның басқа да нормаларына назар аударған жөн. Бұл бірінші кезекте іс жүзінде Конституциялық Кеңес мүшелерінің өкілеттік мерзіміне қатысты айтылған жетпіс бірінші баптың бірінші тармағы. Және де Конституцияның өтпелі ережелеріне, нақтырақ айтсақ, тоқсан жетінші бапқа жүгіну қажет, онда «Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесінің бірінші құрамы былайша құрылады: Республика Президенті, Парламент Сенатының Төрағасы мен Парламент Мәжілісінің Төрағасы Конституциялық Кеңестің мүшелерінен бір бірден үш жыл мерзімге, ал Конституциялық Кеңестің мүшелерінен бір бірден алты жыл мерзімге тағайындайды, Конституциялық Кеңестің Төрағасын Республика Президенті алты жыл мерзімге тағайындайды» деп жазылған.

Бұдан басқа, Конституциялық Кеңесті құру және оның қызметі туралы басқа конституциялық нормаларды, оның ішінде басқа мемлекеттік институттардың қызметін реттейтін нормалар және «Қазақстан Республикасының Президенті туралы», «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы», «Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі туралы» конституциялық заңдардың нормаларын ескеру қажет.

Басқаша айтқанда, бүгінгі қаралатын сұрақтың жауабы құқықтық нормаларды, ең алдымен конституциялық нормаларды жүйелі түсіндіруді қажет етеді.

Қазақстан Республикасы Конституциясының тиісті нормаларын жүйелі түсіндіру  құқық қолдану тәжірибесінде туындауы мүмкін басқа да сұрақтарды қозғауы мүмкін, атап айтқанда «мүшелерінің жартысы», «әрбір үш жыл сайын» сөздері.

Өтінішхаттағы сұраққа орала келе, келесіні атап өткім келеді. Конституцияның және екі мың он бірінші жылғы он алтыншы наурызда қабылданған нормативтік қаулы нормаларын түсіндіру негізінде бұл сұраққа жауап беру Конституциялық Кеңестің құзыретіне жатады.

 

Өз кезегінде, бұл мәселеге қатысты біздің ұстанымымыз мынадай:

Біріншіден, Конституцияға сәйкес, Конституциялық Кеңес арнайы мемлекеттік орган болып табылады, оның құрылуы мен қызметі арнайы қағидаттарға сәйкес жүзеге асырылады. Осы қағидалардың бірқатары Конституциялық Кеңестің екі мың он бірінші жылғы он алтыншы наурыздағы нормативтік қаулысында баяндалған. Аталған қаулыда, «Конституциялық Кеңестің мүшелерін алмастыру конституциялық бақылау органының қызметіндегі ауыспалылық пен сабақтастықтың оңтайлы үйлесімдігіне қол жеткізудің бір құралы болып табылады. Конституцияның жетпіс бірінші бабы үшінші тармағы екінші абзацының талабын ескере отырып, Конституциялық Кеңес мүшелерінің мерзіммен тағайындалуын, бұл мемлекеттік органның құрамдары ауысуының қайталамалығы қажетті жағдайларда белгіленуі мүмкін деп түсінген жөн.»

Конституциялық Кеңес - бұл мүшелердің нақты сандық құрамы бар және Қазақстан Республикасының Президенті және Парламенттің екі палатасы – әрқайсысы екі Кеңес мүшесінен тағайындау арқылы тең негізде құрылатын орган. Тиісті өкілеттіктер Конституцияда және конституциялық заңдарда бекітілген. Сонымен қатар, бұл мемлекеттік институттар үшін Конституциялық Кеңестің мүшелерін тағайындау тек құқық қана емес, сонымен бірге конституциялық міндет болып табылады. Президент және Парламент Палаталары Конституциялық Кеңес мүшелерін, оның ішінде өкілеттігі белгілі бір себептермен мерзімінен бұрын тоқтатылған жағдайда тағайындаудан бас тарта алмайды. «Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі туралы» Конституциялық заңның бесінші бабының екінші және тармақтарында шығып қалған немесе қызметте болу мерзiмi аяқталған жағдайда Конституциялық Кеңестiң Төрағасы мен мүшелерi Конституцияда және осы Конституциялық заңда белгiленген тәртiппен тағайындалады. Конституциялық Кеңестiң Төрағасы мен мүшелерi қызметтерiне адамдардың шығып қалған немесе осы қызметтерде болу мерзiмi аяқталған күннен бастап бiр ай iшiнде тағайындалады - деп көрсетілген. Осылайша, Конституциялық Кеңес – Президент, Сенат және Мәжіліс - әрқайсысы екі мүшеден тағайындаған құрамда болуы тиіс (алшақтығы бір айдан аспайтын)  тұрақты орган болып есептеледі.

Екіншіден, Қазақстан Республикасы Конституциясының елу жетінші бабының бірінші) тармақшасында Парламенттің әр Палатасы дербес, басқа Палатаның қатысуынсыз: Конституциялық Кеңестің екі мүшесін қызметке тағайындайды; Орталық сайлау комиссиясының (ОСК) екі мүшесін, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің үш мүшесін бес жыл мерзімге қызметке тағайындайды – деп көрсетілген. Дәл осындай ереже «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» (1995 жылғы 16 қазандағы № 2529) Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының жиырма үш те бірінші бабында көрсетілген. Бұл нормада Орталық сайлау комиссиясы мен Есеп комитетінің мүшелерін тағайындау мерзімдері тікелей белгіленеді, алайда Палатаның / Конституциялық Кеңестің әрбір мүшесін қанша уақытқа тағайындайтыны туралы ештеңе айтылмайды.

«Қазақстан Республикасының Президенті туралы» Конституциялық заңның он бірінші бабы бірінші) тармақшасында да осындай ұстаным белгіленген, яғни Президент «Конституциялық Кеңестiң Төрағасы мен екi мүшесiн қызметке тағайындайды, конституциялық заңға сәйкес оларды мерзiмiнен бұрын қызметтен босатуға хақылы» деп белгілей келе, нақты мерзімдер аталмаған.

Үшіншіден, Конституциялық Кеңестің құрылуының негізгі ерекшеліктерін атап өту қажет, мысалы: өкілді органдар мен мемлекеттік органдармен салыстырғанда. Жеке тұлға депутат немесе мемлекеттік қызметкер мәртебесін алған кезде, бастама, әдетте, осы адамның өзінен шығады. Қазақстан Республикасы Конституциясының отыз үшінші бабының екінші және төртінші тармақтарына сәйкес азамат өзінің пассивті сайлау құқығын - мемлекеттік органдарға сайлану құқығын немесе мемлекеттік қызметке кіру құқығын жүзеге асырады. Конституциялық Кеңес туралы айтатын болсақ, бұл жерде лауазымға тағайындау бастамасы тек тағайындайтын органдар мен тұлғалар тарапынан туындайды. Конституция мен заңдарда біреудің «Конституциялық Кеңестің мүшесі болып тағайындалуға» құқығы еш қарастырылмаған. Конституциялық Кеңестің екі мың он бірінші жылғы он алтыншы наурыздағы нормативтік қаулысында «Конституциялық Кеңестің мүшесіне үміткер болуға құқық туралы емес, ол лауазымға тағайындауға уәкілеттік берілген органның құқығы туралы» айтылған.

Осылайша, Конституциялық Кеңес мүшелерінің өкілеттік мерзімі туралы мәселені нақты тұлғалардың Конституциялық Кеңес мүшесінің өкілеттіктерін жүзеге асыру құқығының призмасы арқылы емес, жоғарыда аталған қағидаттарға сүйене отырып, тиісті мемлекеттік институттардың Конституциялық Кеңесті құру жөніндегі іс-қимылдарының призмасы арқылы қарастырған жөн деп санаймыз. Басқаша айтқанда, Конституцияның жетпіс бірінші бабының бірінші тармағында белгіленген алты жылдық өкілеттік мерзімі осы лауазымға тағайындалған нақты адамға (тұлғаларға) емес, конституциялық кеңес мүшесінің лауазымына (белгілі бір органмен белгілі бір мерзімге құрылған) қатысты деп санаған жөн. Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің екі мың он бірінші жылғы он алтыншы наурыздағы нормативтік қаулысына сәйкес тұлғаның Конституциялық Кеңестің мүшесі болып қайта тағайындалуы оның өкілеттіктерінің мерзімін ұзарту дегенді білдірмейді (мысалы алты жылдан он екі жылға дейін ұзарту), өйткені әр өкілеттік мерзімінің ұзақтығы әр «лауазымға» қарай есептеледі. Сол сияқты, біздің ойымызша, бір лауазымға  бірінші адамның алты жылдық өкілеттік мерзімі аяқталмастан   мерзімінен тыс шығуы кезінде  екінші адамның тағайындалуы  осы лауазыдағы жалпы мерзімнің ұзаруына әкелмеуі керек.

Бөлісу