Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Өмірбаяны

Бекенов
Нұрлан
Жексембайұлы

Ақмола облысынан сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты.

Қаржы және бюджет Комитетінің мүшесі.

1961 жылы 8 мамырда дүниеге келген, білімі жоғары. 1987 жылы Целиноград ауыл шаруашылығы институтының Көкшетау филиалын "Зоотехния" мамандығы бойынша, 1997 жылы Республикалық салааралық есеп және статистика институтын "Бухгалтерлік есеп және аудит" мамандығы бойынша, Көкшетау экономика және менеджмент институтын "Экономика" мамандығы бойынша  бітірген, экономика магистрі. Мемлекеттік аудитор сертификаты бар.

Еңбек жолын 1979 жылы бастаған және 1994 жылға дейін Көкшетау облысының Ауыл шаруашылығы салаларында жұмыс істеген.

1994 - 1996 жылдары - Көкшетау облысы Қаржылық бақылау басқармасының бас бақылаушы-ревизоры. 

1996 - 1997 жылдары - Көкшетау облысы Салық басқармасының бас салық инспекторы.

1997 - 1998 жылдары - Көкшетау қаласы әкімі аппаратың нарықтық қатынастар, кәсіпкерлік бөлімі меңгерушісі.

1998 - 2000 жылдары - Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігінің Ақмола облысы бойынша департамент директорың орынбасары.

2000 - 2007 жылдары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қаржылық бақылау комитетінің Ақмола облысы бойынша басқармасы бастығының орынбасары.

2007 - 2009 жылдары - Ақмола облысы бойынша Халық банкінің зейнетақы қорының директоры.

2010 - 2011 жылдары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қаржылық бақылау комитетінің бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік саласындағы бақылау және аккредиттеу басқармасының бастығы.

2011 - 2017 жылдары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Ақмола облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментінің басшысы.

2017 - 2018 жылдары - Ақмола облысы Мемлекеттік сатып алу және коммуналдық меншік басқармасының басшысы.

2018-2020 жылдары - Ақмола облысы бойынша Тексеру комиссиясының төрағасы.

2020 жылдан бастап осы кезге дейін Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты.

2020 жылғы 1 қыркүйектен бастап Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 10 жылдығына байланысты Қазақстан Республикасы Президентінің Алғыс хатыммен, Қазақстаны Республикасы Қаржы министрінің Құрмет грамотасымен, Ақмола облысы әкімінің Алғыс хатымен, Қазақстан Республикасы Мемлекетік қызметтер істері және сыбайлас жемқорлыққа қарс іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің Алғыс хатымен, Ақмола облысы әкімінің Құрмет грамотасымен , Қазақстан Республикасы Конституциясының 20 жылдығына арналған медалімен, Қазақстан полициясының 25 жылдығына арналған медалімен, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған медалімен, «Қазақстанның Еңбек Ері» медалімен, Қазақстан Республикасы Конституциясының 25 жылдығына арналған медалімен марапатталған.

Үйленген, бес баланың әкесі.