Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

«Өлім жазасының күшін жоюға бағытталған Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактіге екінші Факультативтік хаттаманы ратификациялау туралы»

24.12.2020 0

«Өлім жазасының күшін жоюға бағытталған Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактіге екінші Факультативтік хаттаманы ратификациялау туралы» Заң жобасы туралы.

Халықаралық құқықта өлім жазасын қолдануға тыйым салынған, өйткені оны қолдану адамның өмір сүруге құқықтары мен негізгі бостандықтарын құрметтеудің негізгі принципіне қайшы келеді.

Осыған орай, Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 17 желтоқсандағы Жарлығымен елімізде өлім жазасын қолдану толығымен тоқтатылып, тиісті мораторий енгізілді. Мораторий өлім жазасын толық жою туралы мәселе шешілгенге дейін жарияланған болатын.

Аталған заң жобасын қабылдау елімізде өлім жазасын қолдануды толығымен тоқтатуға және қылмыстық заңнаманы ізгілендіруге бағытталған саясатты іске асыруға мүмкіндік береді.

Бөлісу