Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Өмірбаяны

Рысбекова
Ләззат
Тұяқбайқызы

Батыс Қазақстан облысынан сайланған.

1976 жылы 7 мамыр күні Орал қ. мұғалімдер отбасында дүниеге келген.  1993 жылы №1ЖББМ бітіріп, Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетіне бухгалтер-қаржыгер мамандығына оқуға түседі. Екінші заңгер мамандығын Алматы қ. Қазақ мемлекеттік заң академиясында алады. Қазіргі уақытта – экономика және қаржы магистрі. Еңбек жолын БҚО бойынша ҚР Қаржы Министрлігінің қаржылық бақылау комитеті Басқармасының қызметтер саласы бөлімінің аға бақылаушы-ревизоры болып бастайды. Содан соң «Қазақтелеком» АҚ филиалының Батыс Қазақстан облыстық телекоммуникация дирекциясында қызмет етеді. Кейін БҚО прокуратурасында сыбайлас жемқорлықпен күрес тобының маманы, мемлекеттік мекемелер қызметіндегі заңдылықты бақылау бойынша Басқармада облыс прокурорының көмекшісі қызметтерін атқарады. 2011 жылы Орал гуманитарлық колледжінің қаржылық директоры лауазымына тағайындалады. 2015 жылдан бері БҚО іскери әйелдер Ассоциациясын басқарды.

2020 жылдың тамыз айынан Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты (13.08.2020 ж)

Марапаттары: «Білім саласындағы дәстүрді сақтау мен инновацияға қосқан үлесі үшін» (2014ж.Женева, Швейцария), «Ұйымдарды басқарудағы жетістігі үшін» (2015ж. Лондон, Великобритания).