Нухұлы
Алтынбек
Алтынбек
Павлодар облысынан сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты (2020 ж.), Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің мүшесі Алтынбек Нухұлы 1962 жылы 10 маусымда Павлодар облысы, Баянауыл ауданы, Қ.Сәтбаев атындағы ауылда туған.
1984 ж. Қазақ мемлекеттік университетінің (Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті) химия факультетін үздік бітірген. Химия ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі, Инженерлік ғылымдар халықаралық академиясының академигі.
Еңбек жолы:
- Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ физикалық химия және электрохимия кафедрасында зертханашы, зерттеуші-тағылымдамашы (Иваново қаласы, Ресей), аспирант, ассистент, аға оқытушы, доцент, профессор, ҚР Экономика министрлігі микроэкономика саясаты бас басқармасы мұнайхимия бөлімінің бас маманы (Алматы, 1984-1999 жж.);
- ҚР Білім және ғылым министрлігінің жоғары білім және ғылым департаменті мемлекеттік стандарттар және нормативтік база бөлімінің бас маманы, ЖОО аттестаттау бөлімінің бастығы (Астана, 1999-2001 жж.);
- С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің ғылыми жұмыс және халықаралық байланыстар жөніндегі проректоры (Павлодар, 2001-2003 жж.);
- Көпбағдарлы гуманитарлық-техникалық университеттің ректоры (Қарағанды, 2003-2004 жж.);
- Инновациялық Еуразия университетінің ректоры, Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтының ректоры (Павлодар, 2004-2008 жж.);
- ҚР БҒМ Ғылым комитеті төрағасының орынбасары, ҚР Премьер-Министр кеңсесінің индустриалды-инновациялық даму бөлімі секторының меңгерушісі, «Астана» университеті ректорының кеңесшісі (Астана, 2009-2016 жж.);
- Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтының, 2017 жылдан Павлодар мемлекеттік педагогикалық университетінің ректоры (Павлодар, 2016-2020 жж.).
Партияға қатыстылығы мен сайланбалы қызметтері:
- «Нұр Отан» партиясының мүшесі (2006);
- Павлодар қалалық мәслихаты 6 шақырылымының депутаты (2017);
- Қазақстан Журналистер одағының мүшесі (2005);
- «Қ.И.Сәтбаев халықаралық қоры» қоғамдық қорының қамқоршылық кеңесінің төрағасы (2019).
Ғылыми және ғылыми-публицистикалық еңбектері:
- барлығы 556 жұмыс, оның ішінде 5 монография, 16 оқулық және оқу-әдістемелік құралдар, 23 патент пен авторлық куәліктер, сонымен қатар мәдени-ағартушылық тақырыбындағы 55 кітап («Баянаула перзенттері» көптомдығы, «Өнегелі тұлғалар» кітаптар сериясы, Ы.Алтынсарин шығармалар жинағы) және т.б.
- «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша жасалған жобалардың идея авторы және жетекшісі:
- Марғұлан орталығы және Сұлтанбет сұлтанның ғылыми-білім беру кешені;
- Павлодар облысының қасиетті нысандар карталары;
- «Ақкелін» тарихи-мемориалдық кешені, құрамында Мұса Шорманұлының кесенесі, Шорман би отбасының үй-жайы және «Туған жердің тарихи тұлғалары» музейі;
- 5-7 сыныптарға арналған «Өлкетану–Краеведение» оқулығы;
- «Павлодар облысының 100 тарихи тұлғалары» атты қазақ және орыс тілдеріндегі 200 қысқаметражды фильмдер.
Марапаттары мен атақтары:
- "Құрмет" ордені (2018);
- «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығы» мерейтойлық медалі (2011);
- «Қазақстан мәслихаттарына 25 жыл» мерейтойлық медалі (2020);
- «Облыс алдында сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісі (2019);
- «Қазақстан Республикасы білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісі (2001);
- «Қазақстан Республикасының ғылымын дамытуға қосқан үлесі үшін» төсбелгісі (2004);
- «Ы. Алтынсарин» төсбелгісі (2017);
- А.Байтұрсынов атындағы алтын медаль төсбелгісі (2017);
- Бірінші дәрежелі Қ.И. Сәтбаев атындағы ғылым саласындағы сыйлық (2007);
- Павлодар облысы «Баянауыл ауданының Құрметті азаматы» (2018).
Отбасылы, қызы және ұлы бар.