Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл, сондай-ақ мемлекеттік баға реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы

28.06.2022 0

Сенат Спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен Палатаның осы сессиядағы қорытынды отырысы өтті. Онда депутаттар бірқатар заң жобасын қарап, қабылдады.

Отырыс барысында сенаторлар «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл, сондай-ақ мемлекеттік баға реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» және «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңдарды екі оқылымда қабылдады.

Бұл заңдар ақшаны жылыстатуға және терроризмді қаржыландыруға қарсы күрестің құқықтық базасын жетілдіруге арналған. Жаңа нормалар осы саладағы қылмыстық әрекеттердің алдын алуға, анықтауға және жолын кесуге бағытталған жүйелі және практикалық тәсілдерді жандандыруға мүмкіндік береді.

Сенатор Мәкежанов Сұлтанбек, аталған Заң жобалары бойынша, Парламент Сенатының отырысында баяндама жасады.

Бөлісу