Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Депутаттық сауалдар

Депутаттық сауал

Сауалдың жолданған күні және нөмірі 05.07.2019, 15-13-221 Д/С
Бастамашы Еңсегенов Сәрсенбай Құрманұлы
Сауал мүшелері
Адресат Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі - Мамин Асқар Ұзақбайұлы
Сауалдың қысқаша мазмұны Қазақстан Республикасының транзиттік-логистикалық түрінің бірі - су көлігі оның ажырамас бөлігі кеме қатынасын қалпына келтіру мақсатында. Жайық-Каспий каналының кеме қатынасын қалпына келтіру үшін жаңа техника-экономикалық негіздеме әзірлеу. Каналдың түбін тереңдету жұмыстарын жүргізу оның түбін кепілді тереңдікті ұстау үшін қажетті түбін тереңдету флотын құру.
Құжат

Жауаптар

Жауап беру күні және нөмірі 31.07.2019 , №17-9/1739
ТАӘ Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі, Мамин Асқар Ұзақбайұлы
Жауаптың қысқаша мазмұны Жайық-Каспий арнасы бойынша кеме қатынасын дамыту елдің батыс өңіріндегі мұнай-газ кен орындарын белсенді игеру және осы аймақта өндірістік қуаттарды дамыту жағдайындағы өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Осыған байланысты бүгінгі күні Жайық-Каспий арнасының өткізу мүмкіндігін кенейту мәселесі пысықталуда. Бұл ретте соңғы 10 жыл ішінде Каспий теңізінің деңгейі орташа 1 метрге дейін төмендеуіне байланысты 2020 жылы Жайық-Каспий арнасын аспаптық тексеру және оның жұмыс параметрлерін қамтамасыз ету мақсатында арнаны реконструкциялаудың техникалық-экономикалық негіздемесін өзектендіру жөніндегі іс-шараларды өткізу жоспарлануда. Сонымен қатар 2020–2025 жылдарға арналған жаңа «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде, сондай-ақ түбін тереңдету техникасын сатып алуды көздейтін мемлекеттік техникалық флотты жаңарту бойынша жұмыстарды жалғастыру жоспарланып отыр.
Құжат