Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Оқиғалар аңдатпасы

2023 ж. 25 қаңтар, сәрсенбі

Қазақстанда Орталық Азия елдерінің І Парламентаралық форумы өтеді

Түркістан қаласында аймақ елдері парламенттерінің басшылығы қатысатын Орталық Азия мемлекеттерінің бірінші парламентаралық форумы өтеді.

10 ақпанда Парламентаралық форумның отырысы өтеді. Мұнда Орталық Азия елдерінің жан-жақты стратегиялық ынтымақтастығын нығайту мәселелері және осы үдерістегі парламенттердің рөлі, сондай-ақ парламентшілердің ортақ тарихи-мәдени мұраға негізделген мәдени-гуманитарлық ынтымақтастығын кеңейтудегі рөлі талқыланады.

Құрметті БАҚ өкілдері, аккредитациядан өту үшін 2023 жылдың 28 қаңтарына дейін қоса берілген кестені толтырып, SKarazhan@parlam.kz  электрондық поштасына жіберуіңіз қажет.

 

1 қосымша

 

Құрметпен, Баспасөз қызметі

8(7172)74-72-27

Күнтізбе