Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Жаңалықтар

Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитеті комитеттің отырысын өткізді

31.03.2020 600

Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитеті «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне атом энергиясын пайдалану саласындағы азаматтық-құқықтық жауаптылық мәселелері бойынша өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы бойынша комитеттің отырысын өткізді.

Баяндамашы: Батыржан Көмекбайұлы Қаракөзов – Қазақстан Республикасы Энергетика министрілгінің атом энергетикасы және өнеркәсібі департаментінің директоры.

Қосымша баяндамашы: Сергей Михайлович Ершов – Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің мүшесі.

Күн тәртібіндегі мәселені қарастыру барысында депутаттар әзірлеушіге – Қазақстандағы ядролық қондырғылардың санына және оларды пайдалану мақсатына; атом энергиясын пайдалану саласындағы уәкілетті орган болып табылатын мемлекеттік органның құзыретіне; ядролық қондырғы операторының немесе ядролық қондырғылардың бірыңғай операторының келтірілген Ядролық залал үшін азаматтық-құқықтық жауапкершілігінің шегіне; Балқаш көлі маңындағы аумақта атом электр станциясын ықтимал салу жоспарларына және нақтылау сипатындағы басқа да мәселелерге қатысты сұрақтар қойды.

Заң жобасын талқылау қорытындысы бойынша Комитеттің шешімі Бас комитетке жіберілді.

Бөлісу