Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Жаңалықтар

Сенаторлар «Автомобиль көлігі туралы» заңға халықаралық автомобиль тасымалдарын қадағалап отыру мәселелері бойынша түзетулерді қарады

09.06.2020 726

Қаржы және бюджет комитетінің кеңейтілген отырысында «Автомобиль көлігі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына халықаралық автомобиль тасымалдарын қадағалап отыру мәселелері бойынша толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы қаралды.

Заң жобасының мақсаты – навигациялық пломбалар мен оның инфрақұрылымын пайдалана отырып, транзиттік тасымалдарды қадағалап отыру жүйесін құру, осындай жүйенің ұлттық операторын және оның өзара іс-қимыл жасау, оның ішінде Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің мемлекеттік органдарымен өзара іс-қимыл жасау тәртібін айқындау болып табылады.

Құжат Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес конкурстық негізде халықаралық тасымалдарды қадағалап отыру жүйесінің ұлттық операторын айқындау бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің өкілеттігін айқындауға; Қазақстан Республикасының аумағы арқылы автомобиль тасымалдары кезінде навигациялық пломбаларды қолдану жөніндегі заңнама нормаларын бекітуге, сондай-ақ өзара іс-қимыл жасау, пломбаларды жалға алу, жауаптылық мәселелерін реттеуге бағытталған.

Жоба қабылданғанда навигациялық пломбаларды пайдалану негізінде қадағалап отыру жүйесін құру бақылауды қашықтықтан жүзеге асыруға, сондай-ақ тауарлар бар көлік құралының Қазақстан Республикасының және ЕАЭО-ға мүше басқа мемлекеттердің аумағы арқылы транзитпен өту маршрутын қадағалап отыруға мүмкіндік береді.

Құжат Палатаның қарауына жіберілді.

Бөлісу