Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Жаңалықтар

Сенаттың Қаржы және бюджет комитетінде аудиторлық қызмет туралы заң жобасы қаралды

23.06.2020 1030

Қаржы және бюджет комитетінің кеңейтілген отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне аудиторлық қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы қаралды.

Заң жобасы халықаралық тәжірибені ескере отырып, аудит саласындағы заңнаманы одан әрі жетілдіру, сапаны бағалауды және аудиторларды аттестаттауды жүргізу жөніндегі ашық талаптарды белгілеу арқылы елімізде аудиттің сапасын арттыру мақсатында әзірленді.

Заң жобасының негізгі міндеттері:

1) кәсібіне қарамастан аудиторлық қызметті реттеу жөніндегі орган – Кәсіби кеңес құру;

2) Аппеляциялық комиссияның мемлекеттік сатып алу шеңберінде дауларды реттеу жөніндегі мәселелерді қарауын регламенттейтін жекелеген ережелермен толықтыру;

3) аудитпен толық қамту мақсатында бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің қаржылық есептілігіне жыл сайын аудит жүргізу үшін ішкі аудит қызметтерін тарту заң жобасының негізгі міндеттері болып табылады.

Құжат Палатаның қарауына жіберілді.

Бөлісу