Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Жаңалықтар

БИЗНЕСТІҢ ӘЛЕУМЕТТІК ЖАУАПКЕРШІЛІГІН ДЕ АРТТЫРУ МАҢЫЗДЫ

10.07.2020 348

 

Әлемде коронавирус індетінің таралуы азаймай тұр, тіпті көптеген мемлекеттерде қайта өршіп кетті. Бұл сөзімізге Америка, Таяу Шығыс, Азия, Австралия құрлықтарындағы жағдайлар дәлел. Елімізде де ахуал күрделене түскені жасырын емес.

Сол себепті Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың телевизиялық үндеуі маңызды әрі қажетті қадам болды деп есептеймін.

Тәжірибе көрсетіп отырғандай, коронавируспен күрес мемлекет пен халықтың өзара әрекетін, қолдауын, түсіністігін, бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін талап етіп отыр.

Бәрімізге мәлім, елімізде коронавирус фактілері тіркеле бастаған тұстан мемлекет төтенше жағдай режимін енгізіп, дер кезінде қажетті шараларды қабылдай білді. Соның нәтижесінде індеттің таралуын едәуір бәсеңдете алдық. Кеше Президент коронавируспен ауырғандарға арналған аурухана төсектерінің 70 %-ға дейін көбейтіліп, 43 мыңға жеткенін айтты. Тұрғындарға үй жағдайында медициналық қызмет көрсету мақсатында 400 әмбебап мобилді бригада жасақталғанын жеткізді. Бұл бағыттағы жұмыстар, әлбетте, бәсеңдемеуі шарт. Біз медицина жүйесін ұйымдастыруда кеткен қателіктерді дер кезінде түзетуге қабілетті болуымыз керек деп есептеймін. Президент осыны ескертті.

Ал азаматтарымызды эмоционалды жазбалар мен дерегі жоқ үрей туғызатын ақпараттарға сенбеуге шакырамын. Өйткені үрейлі ақпарат күйзеліске ұшыратып, иммунитетіңізге кері әсерін тигізеді Қазір бір- бірімізден кінә іздейтін кез емес. Әлемнің бірде - бір елі бұл індетпен күресудің оңай жолын тапқан жоқ. Өзіңіздің және жақындарының қауіпсіздігі мен денсаулығын сақтап, қарапайым гигиена, әлеуметтік дистанция талаптарын орындайық. Азаматтарымыз осы арқылы індетке қарсы күрестегі жеңісті қамтамасыз етуге көмектеседі.

Осы тұста бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін де арттыру маңызды болып отыр. Себебі соңғы уақытта азаматтарымыз дәріханаларда дәрілердің жоқтығына, бар болса да олардың бағаларының шарықтап кеткеніне шағымдануда. Бұған қарсы кеш болса да қатаң шаралар қолға алынуда.

Коронавирус біздің бірлігімізді сынға салуда. Бұл індетті де аз уақытта жеңетінімізге кәміл сенемін.

 

 

Айгүл ҚАПБАРОВА,

Парламент Сенатының депутаты

Бөлісу