Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения
Навигация

Жаңалықтар

Сенатор Ақмарал Әлназарова ДДҰ өкілімен кездесті

19.09.2020 520

Парламент Сенатының депутаты Ақмарал Әлназарова ДДҰ-ның Қазақстандағы елдік кеңсесінің басшысы доктор Каролин Кларинвальмен кездесті.

Тараптар COVID-19-ға қарсы күрес мәселелерін, оның ішінде Қазақстандағы ағымдағы жағдайды, сонымен қатар Арал өңіріндегі халықтың денсаулығын қорғау мәселелерін талқылады.

Сенатор Ақмарал Әлназарова Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Қазақстанға Covid-19 пандемиясымен күресте көрсеткен жан-жақты қолдауы мен ынтымақтастығы үшін ДДҰ-ның ресми өкіліне алғыс айтты.

«ДДҰ билік органдарының маңызды серіктесі болып келеді, өйткені ұйым COVID-19-ға жауап ретінде техникалық ұсыныстар әзірлейді, өзге де техникалық білікті ресурстарын ұсынады. Бізді халық денсаулығын сақтау мен заң шығару мәселелеріндегі өзара ынтымақтастығымыз қуантады», - деп атап өтті Сенат депутаты.

Доктор Кларинваль, өз кезегінде, ДДҰ Қазақстанның COVID-19-ға қарсы күрестегі күш-жігерін, сондай-ақ пандемиямен күрестің алдыңғы шебінде жүрген қазақстандық медицина қызметкерлерінің кәсібилігі мен жанкештілігін жоғары бағалайтынын жеткізді. Сондай-ақ, ол ДДҰ Қазақстанға эпидемиология, қауіп-қатер коммуникациясы, логистика және өзге де денсаулық сақтау бағыттарында қолдау көрсетуді жалғастыратынын айтты.

«Ынтымақтастық, өзара іс-қимыл, білім және ресурстар алмасу неғұрлым тез әрекет ету үшін аса маңызды, сондықтан халықтың денсаулығын қорғау жолында барлық тараптар арасында сындарлы диалог құра отырып, бір бағытта жүруді жалғастыру маңызды», - деп түйіндеді ДДҰ-ның Қазақстандағы елдік кеңсесінің басшысы.

Бөлісу