Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Жаңалықтар

Сенат депутаты НАТО Парламенттік Ассамблеясының жыл сайынғы 66-шы сессиясына қатысуда

19.11.2020 557

18 қарашада НАТО ПА-ның жыл сайынғы 66-шы сессиясы өз жұмысын бастады. Оған Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының атынан депутат Нұржан Нұрсипатов байқаушы ретінде қатысады.

Одаққа мүше 30 мемлекет пен серіктес елдерден 200-ден астам парламент мүшелері алты күн бойы коронавирус пандемиясының қатері, НАТО-ның болашағы, Қытайдың әлем күштерінің тепе-теңдігіне әсері, Қара теңіз, Балқан және Парсы шығанағы аймақтарындағы қауіпсіздік жағдайы, сондай-ақ қорғаныс инновациялары және энергетикалық қауіпсіздігіне байланысты мәселелерді талқылайды.

Шараға заң шығарушылардан басқа НАТО-ның Бас хатшысы Й.Столтенберг, ұйымның жоғары лауазымды тұлғалары және қорғаныс және қауіпсіздік саласындағы сарапшылар қатысады.

Бөлісу