Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения
Навигация

Жаңалықтар

Қазақстан Республикасының Солтүстік инвестициялық банкпен ынтымақтастығы туралы

09.10.2019 60

Парламент Сенаты Қаржы және бюджет комитетінің кеңейтілген отырысында «Қазақстан Республикасы мен Солтүстік инвестициялық банк арасындағы Солтүстік инвестициялық банктің Қазақстан Республикасындағы қызметін реттейтін негіздемелік келісімді ратификациялау туралы» заң жобасы қаралды.

Келісімде қолданыстағы заңнама ережелерінен ерекшеленетін қағидалар белгіленген. Атап айтқанда, валютаның айырбастамалылығы және ақша қаражаттарының аударымы, Солтүстік инвестициялық банк шарттары бойынша тендерлер өткізу, сондай-ақ осы банкті салық салудан босату. Осыған байланысты Келісім ратификациялауға жатады.

Бүгінгі күні Солтүстік инвестициялық банкі Скандинавия және Балтық елдерінің ірі несие-қаржы институты болып табылады.

Келісімді жүзеге асыру Қазақстанға сумен жабдықтау, көлік, энергетика, өнеркәсіп секторы және басқа салаларға инвестиция тартуға мүмкіндік береді.

Құжат Палата қарауына берілді.

Бөлісу