Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Жаңалықтар

Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитеті кеңейтілген отырыс өткізіп, онда келесі мәселе қаралды:

10.10.2019 428

Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитеті кеңейтілген отырыс өткізіп, онда келесі мәселе қаралды:

«Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Армения Республикасының Үкіметі арасындағы Азаматтық қорғаныс, төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы жөнінде

Баяндамашы: Қожаев Марат Шәдетханұлы – Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары

Қосымша баяндамашы: Қожамжаров Қайрат Пернешұлы – Комитет мүшесі

Қазақстан мен Армения арасындағы үкіметаралық келісімге 2018 жылғы 12 қыркүйекте Алматы қаласында қол қойылды. Құжаттың мақсаты - азаматтық қорғаныс, төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою саласындағы екіжақты ынтымақтастықты дамыту.

Келісімнің мәні Азаматтық қорғаныс, табиғи және техногендік қауіп-қатерлердің алдын алу, төтенше жағдайларды жою. Зілзалалар мен апатты жағдайларда ерікті және өзара көмек көрсететін азаматтық қорғаныс мамандарын оқыту.  

Келісім арқылы ынтымақтастық формалары, көмек көрсету шарттары мен түрлері, көмек көрсету жөніндегі жұмысқа басшылық ету тәртібі және мемлекеттік шекараны кесіп өтуге байланысты басқа да мәселелер, шығындарды өтеу, залал келтіру және көрсетілетін көмекті қаржыландыру мәселелері регламенттелді.

Қабылданған шешім: Қаралған заң жобасы бойынша қортынды Сенат отырысының қарауына шығарылсын.

Бөлісу