Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Жаңалықтар

Сенаторлар Ұлттық әскери-патриоттық орталықта болды

15.10.2021 582

Сенаттың Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің депутаттары Қарулы Күштердің Ұлттық әскери-патриоттық орталығында «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері: идеологиялық, әскери-патриоттық және тәрбие жұмысы» тақырыбы бойынша отырыс өткізді.

Сенаторларға «Айбын» әскери-патриоттық жиынының цифрлық тұғырнамасы көрсетілді. Депутаттар сондай-ақ әскери қызметшілердің жеке және кәсіби қасиеттерін өздігінен жетілдіру негізінде психологиялық дайындығы мен орнықтылығын қалыптастыру мен бекіту жөніндегі қызметтердің жұмысымен танысты.

«Әскери-патриоттық тәрбие автоматты жаттығулармен, саптағы қадаммен және әскери-қолданбалы спорт түрлері бойынша жарыстармен шектелмейді. Бұл, ең алдымен, дұрыс рухани құндылықтарды қалыптастырудағы барлық мемлекеттік құрылымдардың көпқырлы, жүйелі және кешенді жұмысы», - деп атап өтті Сенаттың салалық комитетінің төрағасы Мұхтар Құл-Мұхаммед.

Парламентшілер барлық мемлекеттік органдардың қызметін білім беру, жастар және басқа да қоғамдық ұйымдармен біріктіруді көздейтін әскери-патриоттық тәрбие жүйесі туралы хабардар болды. Осылайша, бұл бірлестік жастар арасында белсенді ұстаным орнатуды, олардың әлеуметтік маңызы бар міндеттерді шешуге араласуын, мемлекеттің ұлттық мүддесіне сай сана қалыптастыруды көздейтін бірыңғай мемлекеттік саясатқа негізделуі керек.

Комитет төрағасы Мұхтар Құл-Мұхаммед отырыс соңында осы сала мемлекеттің ұдайы назарында екенін айта келіп, сенаторлар туындаған мәселелерді шешуге, оның ішінде заңнамалық деңгейде де қарауға ниеттеніп  отырғанын атап өтті.

(Сенаттың Баспасөз қызметі, 74-72-27)

Бөлісу