Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Жаңалықтар

Сенат Төрағасының орынбасары Асқар Шәкіров ҰҚШҰ ПА Кеңесінің отырысына қатысты

29.11.2021 368

ҚР Парламенті Сенаты Төрағасының орынбасары Асқар Шәкіров Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы Парламенттік Ассамблеясы Кеңесінің отырысына қатысты.

Парламентшілер отырыс барысында 2021 жылғы қыркүйек сессиясының қорытындыларын, ҰҚШҰ-ның жауапкершілік аймағындағы ахуалды және ұжымдық қауіпсіздіктің сын-тегеуріндері мен қауіп-қатерлеріне қарсы іс-қимыл жөніндегі шараларды талқылады.

Қатысушылар сондай-ақ ҰҚШҰ ПА Қорғаныс және қауіпсіздік мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының бастамасы бойынша енгізілген үлгі заңнамалық актілер мен ұсынымдардың жобаларын талқылады. Олардың қатарында «Ақпараттық қауіпсіздік туралы» және «Бітімгершілік қызмет және бітімгершілік күштер туралы» үлгі заңдар бар.

Сонымен қатар ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің мәртебесі бойынша әскери қызметке ұқсас мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасын үйлестіру жөніндегі ұсынымдарға қатысты және басқа да мәселелер талқыланды.

(Сенаттың Баспасөз қызметі, 74-72-27)

Бөлісу