Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Жаңалықтар

Мұхтар Құл-Мұхаммед Куба елшісімен кездесті

30.11.2021 197

Сенаттың Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Мұхтар Құл-Мұхаммед Куба Елшісі Эмилио Певида Пупомен кездесті.

Кездесу барысында Қазақстан мен Куба арасындағы өзара қарым-қатынас деңгейі: саяси өзара іс-қимыл, халықаралық аренадағы ынтымақтастық, ядролық қаруды таратпау және қарусыздану мәселелері бойынша елдеріміздің ұстанымдарының ұқсастығы туралы бірқатар мәселелер атап өтілді.

Мұхтар Құл-Мұхаммед екі жақты өзара іс-қимылдың қарқынды дамуы мен елдер арасындағы шарттық-құқықтық базаның кеңеюін атап өтті. Ол осыған байланысты екі ел азаматтарының қысқа мерзімді визасыз сапарлары туралы келісімді мемлекетішілік келісудің ресми Гавана рәсімінің аяқталуына үміт артатынын жеткізді. Сенатордың пікірінше, бұл құжат сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты күшейтуге серпін берер еді.

(Сенаттың Баспасөз қызметі, 74-72-27. Суретті түсірген: Е.Үкібаев)

Бөлісу